Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Жастайынан қазақ ақын-жазушыларымен қоса әлем классиктерінің шығармаларын сүйіп оқыған ол 14-15 жасында өлең жаза бастайды. 

Мұқағали жарты ғасырға жуық ғұмырында мыңнан астам өлең, онға жуық поэма жазған. Республикалық басылымдарда, "Қазақ" радиосында жұмыс істеп, сын жанрында қалам қозғаған. Әлем классиктерінің шығармаларын аударған. Әбділда Тәжібаев ақынның талантын "Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау, жас жеткіншек жеткенде мақтанбасқа бола ма?" деп бағалаған. Сәбит Мұқанов "Қазақтың Бальзагы" деп құрмет көрсеткен. Ғабит Мүсірепов алтын қалам сыйлаған.

Информбюро порталы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында тест әзірледі.

Loading...


Informburo.kz порталы әзірлеген өзге тапсырмаларды да орындап көріңіз: