Алматыда Мұқағали Мақатаевқа арналған мурал салынды

Картинаны салуға 5 күн уақыт кеткен.

Алматыда танымал қазақ жазушысы Мұқағали Мақатаев бейнеленген муралдың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды "Қазақфильм" киностудиясы.

Мурал ақынның 90 жылдығы мен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Арт жоба Мұқағали Мақатаев пен Әди Шәріпов көшелерінің қиылысындағы тұрғын үйдің қабырғасына салынған. Авторлары – муралист суретшілер Нұрболат Аманқұл мен Абай Сұлтан.

Сурет: "Қазақфильм" баспасөз қызметі
Сурет: "Қазақфильм" баспасөз қызметі 

Іс-шараға ақынның ұлы мен келіні – Жұлдыз Мақатаев пен Бақыткүл Айдарова, "Қазақфильм" киностудиясының вице-президенті Айдархан Әділбаев, сондай-ақ, 21 қазанда прокатқа шыққан "Мұқағали" фильмінің түсірілім тобы қатысты.

Сурет: "Қазақфильм" баспасөз қызметі

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, картинаны жасауға 5 күн, қабырғаны дайындауға бір апта уақыт кеткен. Сонымен қатар, суретшілер муралды салу үшін 50 литр бояу мен 100 аэрозоль баллонын қолданған. Муралдың мөлшері шамамен 190 шаршы метрді құрайды. 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары