Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша Шымкент "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа, ал Шығыс Қазақстан облысы "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті. Бұған Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының мәліметтері дәлел.

  • "Қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстары;
  • "Сары" аймақта – Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары;
  • "Жасыл" аймақта – Түркістан, Қостанай облыстары.

Ұлттық орташа көрсеткіш бойынша Қазақстан "қызыл" аймақта.

Карантиндік шектеулердің күшеюі немесе әлсіреуі өңірдің коронавирустық инфекцияның таралу аймағындағы орнына байланысты.

Оқи отырыңыз: