Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.
Оған сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 482 613 адамды құрады.
Графика: Орталық сайлау комиссиясы
"Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 9 127 192 адамды немесе 73,12 пайызды құрады. Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны 7 954 667 адам немесе 87,15 пайыз болды", – делінген ресми хабарламада.