Орталық референдум комиссиясы Қазақстан Республикасындағы барлық референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Учаскелік комиссиялар дауыстарды санауға кірісті. Қолданыстағы заңдар нормаларына сәйкес референдум учаскелерiнде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, 12 сағаттан аспауы тиiс.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі азаматтардың келуі төмендегідей:
- Абай облысы 75,45 %
- Ақмола облысы 79,82 %
- Ақтөбе облысы 87,05 %
- Алматы облысы 71,46 %
- Атырау облысы 74,04 %
- Батыс Қазақстан облысы 68,94 %
- Жамбыл облысы 85,06 %
- Жетісу облысы 78,49 %
- Қарағанды облысы 84,30 %
- Қостанай облысы 81,21 %
- Қызылорда облысы 93,04 %
- Маңғыстау облысы 77,89 %
- Павлодар облысы 75,51 %
- Солтүстік Қазақстан облысы 70,52 %
- Түркістан облысы 84,03 %
- Ұлытау облысы 73,15 %
- Шығыс Қазақстан облысы 86,42 %
- Астана қаласы 60,36 %
- Алматы қаласы 33,43 %
- Шымкент қаласы 75,82 %.
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9126850 азамат бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 % құрады.
USD:
484.9 / 487.9
EUR:
555.0 / 560.0
RUB:
5.99 / 6.11
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…