Жаңа Конституция бойынша референдум: алғашқы Exit poll нәтижелері жарияланды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Дауыс беруге құқылы адамдардың 75,3%-ы референдумға қатысқан.

Қазақстанда өткен жалпыұлттық референдумда жүргізілген exit poll нәтижесіне сәйкес, азаматтардың басым бөлігі жаңа Конституция жобасын қолдап дауыс берген. 

Сауалнама Қазақстанның 17 облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы референдум учаскелерінен шыққан азаматтар арасында жүргізілді. Респонденттерге "Жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба?" деген сұрақ қойылды.

Зерттеу 200 референдум учаскесінде ұйымдастырылған. Оның ішінде 129 учаске қалада, 71-і ауылдық жерде орналасқан. Сауалнамаға жалпы 30 мың респондент қатысқан. Оларға арнайы дайындықтан өткен интервьюерлер face-to-face әдісі арқылы сұхбат жүргізген. Зерттеу нәтижелерінің ықтимал қателігі 1%-дан аспайды.

Дауыс беруге құқылы адамдардың 75,3%-ы референдумға қатысқан.

Алғашқы exit poll нәтижелері бойынша:

  • Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнамада қатысушылардың 86,7%-ы жаңа Конституция жобасын қолдаған;
  • "СОЦИС-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институты дерегіне сәйкес, респонденттердің 87,4%-ы "Иә, қолдаймын" деген жауап нұсқасын таңдаған;
  • Amanat партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген exit poll нәтижесінде азаматтардың 88,6%-ы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берген.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз