Ұлттық тестілеу орталығы ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған онлайн байқау сынағы іске қосқанын хабарлады.

Онлайн тест сынағында 2023 жылы өтетін тестілеуге енгізілген өзгерістердің бәрі қамтылған. Атап айтқанда, "Математика-Информатика" бейіндік пәндер комбинациясы қосылып, жауап нұсқаларының саны азайтылған. Жаңа өзгерістерге сәйкес, үміткерлер дайындық тестінде де "Қазақстан тарихынан" – 20 сұраққа, ал "Оқу сауаттылығынан" – 15 сұраққа жауап береді.

Онлайн тестілеуге қалай қатысуға болады?

  • Тегін байқау сынағын өту үшін prob-ent.testcenter.kz сілтемесі арқылы өту қажет. Жеке сәйкестік нөмірін жазып, "ары қарай" деген батырманы басу керек. Сервис құпия сөз енгізуді қажет етпейді.  
  • Ақылы байқау сынағын өтушілерге cabinet.testcenter.kz сілтемесі арқылы өтіп, сайтта тіркелу қажет. Тестілеудің бір нұсқасын тапсыру – 602 теңге.

Оқи отырыңыз: