Ол үшін түлек колледжде алған біліміне сәйкес келетін мамандықты таңдауы тиіс.
Өзі таңдаған бағытты жалғастырғысы келетін колледж студенттері қысқартылған ҰБТ тапсырады. Бұл ҰБТ түрі 60 сұрақтан тұрады, деп мәлімдеді ұлттық тестілеу орталығының жетекшісі Руслан Емелбаев Joo.kz арнасындағы тікелей эфирде.
"Егер колледж түлегі жоғары оқу орнында өз мамандығын жалғастырғысы келсе, онда қысқартылған ҰБТ түрін тапсырады. Мысалы, педагогикалық колледжді тәмамдаған студент осы мамандықты жалғастырғысы келсе, екі пәннен ғана ҰБТ тапсырады. Олардың біреуі жалпыға міндетті пән, екіншісі студенттің бағытына сәйкес келетін пән. Осы екі пәннен 60 сұрақ болады, олардан жалпы 70 балл жинайды", – деді Руслан Емелбаев.
Ұлттық тестілеу орталығының жетекшісі колледж түлектеріне ЖОО-мен тікелей байланыста болуға кеңес берді.
Оқи отырыңыз: Колледж студенттері тәжірибе кезінде өндірген өнімдерін сата алады
"Біріншіден, грант санын анықтауы қажет. Екіншіден, түскісі келетін университетте қысқартылған бағдарламамен оқытып-оқытпайтынын анықтау қажет. Өйткені, колледж студенті қысқартылған бағдарлама бойынша оқиды, алайда барлық ЖОО-да бірдей мұндай бағдарлама жоқ", – деді орталық жетекшісі.
Мұнымен қатар, ол ақылы бөлімге түскісі келетін колледж студенттерінің таңдаған университеті негізінде сұхбаттан өтетініні айтты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣Қазақстанның бірқатар өңірлерінде нысандарға жылу беріле бастады
-
256
-
0
-
5
-
-
2💬Жеке деректері қолды болған қазақстандықтарға SMS арқылы хабар беріледі
-
248
-
0
-
2
-
-
3Қазақстан қоржынына кезекті қола жүлде 🥉
-
252
-
0
-
8
-
-
4🚗Құран байқауында жас қари жаңа көлік жеңіп алды
-
258
-
0
-
7
-
-
5😱Алматыда 6 жасар бала үйдің шатырынан құлап мерт болды
-
282
-
0
-
0
-
-
6🦠Коронавирусқа қарсы вакцина жасаған ғалымдар Нобель сыйлығын алды
-
259
-
0
-
1
-
-
7🛃Шетелге шұғыл шығу қажет пе? Паспортты қалай 1 күнде алуға болатынын түсіндіреміз.
-
255
-
1
-
5
-
-
8Қазақстанға пиғылы теріс ресейліктердің тізімі бар
-
262
-
0
-
4
-
-
9🇰🇿🇹🇷 Қазақстан мен Түркия президенттері Түркі мемлекеттері ұйымының X Саммитіне дайындық мәселелерін талқылады
-
241
-
0
-
0
-
-
10🥉Эстафеталық жүгіру сайысынан қола медаль
-
251
-
0
-
7
-