Тергеуші Жамбыл облысында пара алды деген күдікке ілінді
Күдікті кінәні толық мойындады.Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Шу аудандық полиция бөлімінің тергеушісіне қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлады.
"Ол қылмыстық істі тергеп-тексеруді оңайлатылған тәртіппен аяқтау үшін 500 000 теңге сомасында ақшалай қаражат алған. Күдікті кінәні толық мойындады. Тергеу жалғасуда", – деп жазған хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Оқи отырыңыз: "Алматы тазалық" мекемесінің директоры пара алды деген күдікпен қамауға алынды