Ол мердігер компания өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
"Алматы Тазалық" коммуналдық кәсіпорнының директоры пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.
Антикор "Алматы Тазалық" коммуналдық кәсіпорнының директорына қатысты алдын ала тергеуді аяқтады.
"Ол мердігер ұйымның өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл сома жұмыстардың аяқталғаны туралы актілерді бекітуге, мемлекеттік сатып алулар аясында қосымша шарттар жасасуға және жалпы қамқорлықты қамтамасыз етуге бағытталған", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: "Кәсіпкерден пара алған". Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды
Күдікті сот шешімімен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.