Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Шу аудандық полиция бөлімінің тергеушісіне қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлады.
"Ол қылмыстық істі тергеп-тексеруді оңайлатылған тәртіппен аяқтау үшін 500 000 теңге сомасында ақшалай қаражат алған. Күдікті кінәні толық мойындады. Тергеу жалғасуда", – деп жазған хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Оқи отырыңыз: "Алматы тазалық" мекемесінің директоры пара алды деген күдікпен қамауға алынды
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07