7 қыркүйектен бастап Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша жаңа тікелей тұрақты рейстер орындала бастайды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

"ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компаниялармен бірлесіп ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінен бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерінде Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша жаңа тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Қазақстан 2025 жылға дейін Нью-Йорк, Шанхай, Сингапур және Токиоға жаңа әуе рейстерін ашады


Аталған рейстер аптасына 2 рейс (бейсенбі және жексенбі) жиілігімен орындалатын болады.