Қыркүйекте Алматыдан Тель-Авивке тұрақты тікелей рейстер ашылады

Ұшақ аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері ұшатын болады.

7 қыркүйектен бастап Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша жаңа тікелей тұрақты рейстер орындала бастайды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

"ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компаниялармен бірлесіп ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінен бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерінде Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша жаңа тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Қазақстан 2025 жылға дейін Нью-Йорк, Шанхай, Сингапур және Токиоға жаңа әуе рейстерін ашады


Аталған рейстер аптасына 2 рейс (бейсенбі және жексенбі) жиілігімен орындалатын болады. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз