Air Astana әуекомпаниясы Таяу Шығыс бағытындағы рейстердің уақытша тоқтатылғанын хабарлады. 

Компания мәліметінше, Дубай қаласына тұрақты рейстер 31 мамырға дейін орындалмайды.

"Ұшпай қалған рейстердің жолаушыларына билеттің толық құны айыппұлсыз қайтарылады немесе сол қызмет көрсету класында 31 шілдеге дейін басқа рейске тегін қайта брондау ұсынылады. Сонымен қатар, жолаушылар тариф пен әуежай алымдарындағы айырманы төлей отырып, 31 шілдеге дейін Air Astana рейстері бойынша бағытты тегін өзгерте алады", – делінген хабарламада.

Әуекомпания өкілдері егер билет бұған дейін айыппұлмен қайта брондалған болса, ұсталған сома қайтарылмайтынын ескертті.