Дубайда Қазақстан азаматы өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстан азаматына қатысты үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Дубай соты Қазақстан азаматы Ернұр Алмаханды бірнеше ауыр қылмыс бойынша кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, үкім 18 наурызда бірінші сатыдағы сотта шығарылған. Сот шешіміне сәйкес, айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен қатар айыппұл да салынған.

Ведомство дерегіне сүйенсек, сотталған азамат апелляциялық шағым түсірген. Осыған байланысты үкім әзірге заңды күшіне енбеген. Қазақстан тарапы Біріккен Араб Әмірліктері құзырлы органдарына ресми сұрау жолдаған. Министрліктің 21 сәуірдегі хабарламасында қазіргі уақытта жауап күтіліп отырғаны айтылған.

Сонымен қатар, Қазақстанның Бас консулдығы Дубайда өз құзыреті аясында қажетті консулдық-құқықтық көмекті көрсетіп жатыр. Бұл мәселе Сыртқы істер министрлігінің бақылауында.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз