USD: 470.3 / 472.7
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Қазақстандық әуекомпания Дубайға ұшатын рейстерді жазға дейін тоқтатты

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Шешім өңірдегі геосаяси шиеленістің жалғасуына байланысты қабылданған.

Air Astana әуекомпаниясы Таяу Шығыс бағытындағы рейстердің уақытша тоқтатылғанын хабарлады. 

Компания мәліметінше, Дубай қаласына тұрақты рейстер 31 мамырға дейін орындалмайды.

"Ұшпай қалған рейстердің жолаушыларына билеттің толық құны айыппұлсыз қайтарылады немесе сол қызмет көрсету класында 31 шілдеге дейін басқа рейске тегін қайта брондау ұсынылады. Сонымен қатар, жолаушылар тариф пен әуежай алымдарындағы айырманы төлей отырып, 31 шілдеге дейін Air Astana рейстері бойынша бағытты тегін өзгерте алады", – делінген хабарламада.

Әуекомпания өкілдері егер билет бұған дейін айыппұлмен қайта брондалған болса, ұсталған сома қайтарылмайтынын ескертті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау