Патронат тәрбиешілер педагог санатына жатқызылмайтын болды
Бұған дейін патронат тәрбиешілерді педагог санатына жатқызу арқылы олардың жалақысын көтеру жоспарланған болатын.Қазақстанда патронат тәрбиешілерді педагог санатына жатқызу арқылы олардың жалақысын көтеру жоспарланған болатын. Алайда кейін Ашық НҚА порталында патронат тәрбиешілерге 35 АЕК мөлшерінде ақы төлеу туралы бұйрық жобасы жарияланды. Жобада "Патронат тәрбиешілер білім беру ұйымдарының азаматтық қызметшілері болып табылмайтыны" жазылған. Осыған орай Информбюро порталы Оқу-ағарту министрлігіне сауал жолдап, ресми жауап алды.
Министрлік жауабында "жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды беру баланы алуға тілек білдірген адам мен тұрғылықты жері бойынша қамқоршылық функциясын жүзеге асырушы орган арасында жасалған патронаттық отбасыларға патронаттық тәрбие туралы шарт негізінде жүзеге асырылатыны" айтылған.
Жауаптан белгілі болғандай, патронаттық тәрбиешіге ақы төлеу бір жылға дейін еңбек өтілі бар білім саласындағы санаты жоқ біліктілігі орта деңгейдегі (В4-4) негізгі персоналдың лауазымдық айлықақысы мөлшері есебімен жүргізіледі.
"Осыған байланысты патронаттық тәрбиешілер педагог санатына жатқызылмайды", – деліген хатта.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда патронат тәрбиешілердің жалақысы артады
- 2023 жылы патронат тәрбиешілерге 121 мың теңге ақы төлеу жоспарланып отыр