Бұған дейін оларды педагогтар қатарына жатқызу көзделген болатын.
Оқу-ағарту министрлігі отбасына бала қабылдап асырайтын патронат тәрбиешілерге төленетін ақының нақты сомасын белгілеп, оны қоғам талқысына ұсынды. Жоспарлы ақы мөлшері 35 АЕК (2023 жылы – 120 750 теңге).
"Патронат тәрбиешілер білім беру ұйымдарының азаматтық қызметшілері болып табылмайды, жұмысқа қабылданбайды, оларға еңбек демалысы берілмейді, бірақ олар балаларды тәрбиелеу бойынша қызметтер көрсетеді. Патронат тәрбиешілердің қызметтеріне ақы төлеу мөлшері жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, өтілі нөлден үш жылға дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерінің жалақысының мөлшерінен айқындалған" деп жазылған бұйрық жобасының түсіндірме жазбасында.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда кәсіби патронат отбасы институты құрылады
Патронат тәрбиешілерге бұған дейін де жалақы төленетін. Алайда, ол санаты жоқ, біліктілігі орта деңгейдегі (В4-4) негізгі персоналдың жалақысымен есептелгендіктен, слмасы аз болатын.
Еске салайық, Оқу-ағарту министрлігі бұған дейін патронат тәрбиешілерге төленетін ақыны арттыру үшін оларды педагог санатына жатқызу мәселесі қаралып жатқанын хабарлаған болатын. Педагог санатына қазіргі таңда аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында), жатақхана тәрбиешісі, ана-тәрбиеші жатады.
Бұйрық жобасы қоғам талқысына 10 қаңтарға дейін ұсынылған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Салауат Мүксімов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
-
459
-
0
-
2
-
-
2Бүгін жеңілдетілген 4 пайыздық автонесиеге өтініш беру басталады 🚗
-
465
-
2
-
1
-
-
3Түркияда жер сілкінді, бірнеше қаласында ғимараттар қирады
-
418
-
0
-
2
-
-
4Жеңілдетілген автонесие бойынша өтінім қабылдау аяқталды ма?😢
-
409
-
1
-
2
-
-
5ҰБТ-2023: Жаңа формат қандай?
-
408
-
0
-
2
-
-
6Тоқаев Екібастұздағы пәтерлер мен әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажет шараны қабылдауды тапсырды
-
363
-
1
-
3
-
-
7autonesie.kz сайтына алғашқы бір минутта 125 мың адам кірген
-
384
-
4
-
4
-
-
8👨👩👦 Қазақстанда ата мен әженің немересімен араласу құқығы заңмен бекітілмек
-
361
-
0
-
5
-
-
9Тоқаев Түркия президенті Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
-
333
-
4
-
3
-
-
10Абай облысында жолаушылардың толық шыққанын күтпей, жүріп кеткен автобус жүргізушісі айыппұл төлейді
-
320
-
0
-
3
-