2035 жылға қарай электр жүктемелерін жабу үшін жаңа өндіруші қуаттарды жаппай енгізуді қамтамасыз ету қажет, деп мәлімдеді энергетика министрі Болат Ақшолақов. 

"2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну шамамен 153 млрд кВт сағатты құрайды. Бұл ретте бірқатар объективті себеп бойынша қазіргі уақытта жұмыс жасап тұрған энергия көздерін генерациялау төмендеді және 89 млрд кВт-сағаттан кем болады. Қолданыстағы энергия көздері халықтың және экономиканың электр энергиясына болжамды қажеттіліктерін өтей алмайтынын ескере отырып, 2035 жылға қарай электр жүктемелерін жабу үшін жаңа өндіруші қуаттарды жаппай енгізуді қамтамасыз ету талап етіледі. Олардың негізгілері төмен көміртекті генерация көздері, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер болмақ", – деді Болат Ақшолақов.

Мұнымен қатар, министр энергия өндіру секторына экологиялық әсерді төмендету бойынша, оның ішінде парниктік газдар шығарындыларын 2030 жылға қарай 1990 жылғы деңгейге қарағанда 15%-ға төмендету көзделіп отырғанын айтты. 


Оқи отырыңыз: 


"Елдің энергия жүйесінің тұрақты жұмысы үшін базалық өндірісті енгізу қажеттілігі, белгіленген қуатты пайдалану коэффициентінің төмен көрсеткіші және ЖЭК генерациясының тұрақсыздығы, көміртегі бейтараптығының әлемдік күн тәртібі және Қазақстанның парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелері Қазақстанда қауіпсіз және тұрақты атом энергетикасын дамыту қажеттілігіне итермелейді", – деп қосты министр. 

Болат Ақшолақовтың айтуынша, осыған байланысты энергия теңгерімі дәстүрлі және ЖЭК қуаттарын өсірумен қатар АЭС-те энергия өндіру сценариін қарастыруда.

Мамандардың бағалауы бойынша 2035 жылға қарай іске қосуға қажетті жаңа энергетикалық қуаттардың құрылымы мынадай болуы мүмкін:

  • 5 кВт-тан астам газ өндіру;
  • 2 ГВт-тан астам гидроэлектр станциялары;
  • 1,5 ГВт көмір генерациясы;
  • 6 ГВт астам жаңартылатын энергия көздері;
  • 2 ГВт астам атом энергия өндірісі.

Оқи отырыңыз: 


"Бұл энергия жүйесінің шектес мемлекеттердің энергия жүйелерін реттеуден тәуелсіздігін қамтамасыз ете отырып, базалық та, реттеу де қуатының тапшылығын жабуға мүмкіндік береді", – деп түсіндірді Болат Ақшолақов.