Елімізде 2022 жылдың төртінші тоқсанында ақшалай табыс жан басына шаққанда 252,4 мың теңге болды. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.

Өңірлер бойынша ең көп табыс елорда тұрғындарында байқалады.

"Астана қаласы бойынша жан басына шаққанда табыс көрсеткіші 357,3 мың теңгені құрайды. Екінші орында Қарағанды облысы – 354,9 мың теңге. Үздік үштікті Ұлытау облысы аяқтайды – 339,1 мың теңге. Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында – 163,3 мың теңге, бір жыл бұрынғыдан 23,7 пайыздан көп" – делінген хабарламада.

"Қарағанды облысында жан басына шаққанда 327,3 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 21 пайызға көп. Үздік үштікке сондай-ақ Алматы және Ұлытау облысы кіреді. Ең аз шығын Түркістан облысында, жан басына шаққанда 177,4 мың теңге"  – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Табысы төмен қазақстандықтар қалай баспаналы бола алады?


Еліміздегі 14 өңірде халықтың ақшалай табысы шығынынан көп.

"Ең жоғары көрсеткіштер Батыс Қазақстан, Қостанай облысы мен Астана қаласында байқалады. Төртінші және бесінші орында Абай (18,3%) және Маңғыстау (17%) облыстары. Ал шығыны табыстан көп өңірлер қатарына Жетісу облысы, Шымкент, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстары кіреді"– делінген хабарламада.