2022 жылы қазақстандықтардың табысы 17,7 пайызға өскен.
Елімізде 2022 жылдың төртінші тоқсанында ақшалай табыс жан басына шаққанда 252,4 мың теңге болды. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.
Өңірлер бойынша ең көп табыс елорда тұрғындарында байқалады.
"Астана қаласы бойынша жан басына шаққанда табыс көрсеткіші 357,3 мың теңгені құрайды. Екінші орында Қарағанды облысы – 354,9 мың теңге. Үздік үштікті Ұлытау облысы аяқтайды – 339,1 мың теңге. Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында – 163,3 мың теңге, бір жыл бұрынғыдан 23,7 пайыздан көп" – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда орташа айлық жалақы – 340 636 теңге. Стратегиялық жоспарлау агенттігі оның қалай есептелетінін түсіндірді
Шығындар бойынша Қарағанды облысы көш бастады.
"Қарағанды облысында жан басына шаққанда 327,3 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 21 пайызға көп. Үздік үштікке сондай-ақ Алматы және Ұлытау облысы кіреді. Ең аз шығын Түркістан облысында, жан басына шаққанда 177,4 мың теңге" – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Табысы төмен қазақстандықтар қалай баспаналы бола алады?
Еліміздегі 14 өңірде халықтың ақшалай табысы шығынынан көп.
"Ең жоғары көрсеткіштер Батыс Қазақстан, Қостанай облысы мен Астана қаласында байқалады. Төртінші және бесінші орында Абай (18,3%) және Маңғыстау (17%) облыстары. Ал шығыны табыстан көп өңірлер қатарына Жетісу облысы, Шымкент, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстары кіреді"– делінген хабарламада.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
-
257
-
0
-
4
-
-
2Венецияда көпірден автобус құлап 15 шақты адам мерт болды
-
252
-
0
-
4
-
-
3💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
256
-
0
-
7
-
-
4👀Іле-Алатау ұлттық паркінің орманшысын Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігімен Ақ қайың шатқалына келген белгісіз адамдар тобы ұрып кетті.
-
253
-
0
-
6
-
-
5Онлайн дұға жасауға қатысты ҚМДБ өкілінің жауабы
-
247
-
0
-
2
-
-
6📣Грек-рим күресінен 67 келі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда Мейіржан Шармаханбет ирандық палуан Даниал Сейед Сохрабиді жеңді.
-
247
-
0
-
7
-
-
7👩💻Автокөлікке VIP нөмірді қалай алуға болады?
-
245
-
0
-
7
-
-
8Өңделмеген металл рудаларын Қазақстаннан экспорттауға тыйым салынбақ
-
239
-
0
-
6
-
-
9Көлік жүргізу куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
-
224
-
0
-
3
-
-
10👮♀️Астанада 18 жасар қыз балконнан құлап, мерт болды
-
221
-
1
-
5
-