Тікелей эфир

Тоқаев: "Табысты Қазақстанда тауып, шетелде шашу" әдетінен арылу керек

Президент кәсіпкерлерге ақшасын шетелде емес, Қазақстандағы бизнесін дамытуға жұмсау қажеттігін ескертті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте ірі бизнес өкілдерін әлеуметтік мәселелерді шешуге көбіреу үлес қосуға шақырды.

"Мемлекеттің қолдауына ие болып отырған ірі бизнес өкілдері айрықша рөл атқарады. "Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу" әдетінен арылу керек. Есесіне, елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге көбірек үлес қосуға ұмтылған жөн. Ірі кәсіпкерлер Қазақстанда тапқан табысын басқа жақта емес, өз еліміздегі бизнесін дамытуға жұмсағаны абзал. Жұмысын осы талапқа бейімдей алған ірі кәсіпкерлер нағыз ұлттық бизнес-элитаға айналады. Халықтың құрметіне бөленіп, мемлекеттің қорғауы мен қолдауына ие болады", – деді мемлекет басшысы.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Әкімдер өз қалаларында жаяу жүруі қажет


Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға "кәсіпкерлердің жаңа толқыны" керек екенін айтты.

"Мемлекеттің ресурсына арқа сүйемей, бойындағы дарыны мен іскерлігі арқылы тұрақты әрі мықты кәсіп құра білген "тың күштер" қажет", – деді президент.

Серіктестер жаңалықтары