ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматыға биыл ЭКО процедурасын жасату үшін 845 квота бөлінген. Өткен жылы квота саны 800-ден кем болса, 2020 жылы 130 ғана квота бөлінген болатын.

Агенттік сауалына жауап берген Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қала бойынша тегін ЭКО-ға 879 әйел кезекте тұр. ЭКО-ға жіберу туралы шешімді қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Ал ЭКО-ны әйелдің өзі таңдайды.

ЭКО процедурасына өтініш беру үшін тіркелген емханаға барып, тексеруден өткен қажет. Содан кейін ғана процедураға жібереді.

Қазақстанда 26 ЭКО орталығы жұмыс істейді, олардың 21-і – жекеменшік.


Оқи отырыңыз: "Аңсаған сәби" аясында ЭКО-ға жылына 7 мың квота беріледі. Оны қалай алуға болады?