Алматы мен Нұр-Сұлтанда жаңа жылдық отшашу болмайды
Тәуелсіздік күніне орай екі қалада да отшашу болған еді.Елорда мен Алматы қаласының әкімдігі жаңа жыл мерекесінде жылдағыдай отшашу болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы өңірлердің мәдениет басқармалары хабарлады.
Нұр-Сұлтан билігі бір жыл бұрын да пандемияға байланысты осындай шешім қабылдаған болатын. Сондай-ақ, Алматы қаласында да отшашу болмады.
Десе де, 2021 жылы Тәуелсіздік мерекесінде елдің ірі мегаполисі мен елордада отшашу болды. Алматы қаласында "Астана" алаңынан атылса, астанада бірден үш жерде отшашу болды – Ботаникалық бақ, жағалау және Ақбұлақ өзенінің маңы. Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік күніне арналған отшашуды демеушілер ұйымдастырды.
Оқи отырыңыз:
- Ұшақ апаты, қуаңшылық, қоймадағы жарылыс. 2021 жылы елді елеңдеткен 15 оқиға
- Қазақстандықтар жаңа жылға қандай сыйлықтарды жиі береді?
- Биыл Қазақстанға шетелден келген туристер саны 47 пайыз азайды