5 жылда Қазақстандағы оқушылар саны 5 миллионға жетеді
Ал 2050 жылға қарай мектеп жасындағы балалар саны 6,5 миллионды құрайды.2027 жылға қарай Қазақстанда 6-18 жастағы балалар саны 5 миллионға дейін артады. Одан кейінгі шамамен он жылда бұл сан тұрақты болып, әрі қарай тағы көбейеді. Бұл – Еңбек ресурстарын дамыту орталығының болжамы.
ЕРДО болжамы бойынша, 2036 жылдан 2050 жылға дейін оқушылар саны тағы өсіп, 2050 жылға қарай олардың саны 6,5 миллионға жетеді.
Ал 15-28 жастағы жастар саны 2027 жылға қарай 500 мың адамға өсіп, 4,1 млн адамды құрайтын болса, 2027-2033 жылдары 900 мыңға жуық адамға артады. Ал 2033 жылға қарай Қазақстандағы жастардың жалпы саны 5 миллионнан асып түседі.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстан халқының саны қашан 27 миллионға жетеді?
- Қазақстанда қанша қазақ бар?
- 25 жылда Қазақстан өңірлерінде халық саны қалай өзгерді? Инфографика
- Қазақстандағы халық саны мен ел демографиясы туралы қызықты деректер
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының болжамында, сондай-ақ Қазақстан халқы саны 2050 жылға қарай 8,2 млн адамға өсіп, 27,8 млн адамға жететіні жазылған. 2022-2050 жылдар аралығында елде 14,3 млн адам дүниеге келсе, 5,5 млн адам қайтыс болады деп болжанған.
"Табиғи өсім 8,8 млн адамды құрайды. Алайда, көші-қонның теріс сальдосына байланысты (565 мың адам) 2050 жылға қарай халықтың таза өсімі 8,2 млн адамды құрайды" делінген құжатта.