2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 18 жасқа дейінгі балалар саны – 6 841 527. Оның ішінде 3,5 млн – ұл, 3,3 млн – қыз бала. Балалардың 59,7% қалалық жерде тұрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы. 

"Халықтың жалпы санында 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі 34,1% құрайды. Өңірлер арасында халық санындағы балалардың ең жоғары үлес салмағы Түркістан облысында – халықтың 43,3% 18 жасқа дейінгі балалар, одан кейін Маңғыстау облысы (41,9%) және Шымкент қаласы (40,6%)", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Жатыр мойны ісігіне қарсы вакцина. Ол бедеулікке әкелетіні рас па


Өңірлер бөлінісіндегі 18 жасқа дейінгі балалар саны:

  • Абай обл. – 188 321;
  • Ақмола обл.  – 223 493;
  • Ақтөбе обл.  – 330 877;
  • Алматы обл.  – 556 114;
  • Атырау обл.  – 274 688;
  • БҚО – 217 427;
  • Жамбыл обл.  – 465 492;
  • Жетісу обл.   – 245 056;
  • Қарағанды обл.  – 317 101;
  • Қостанай обл.  – 206 584;
  • Қызылорда обл.  – 335 399;
  • Маңғыстау обл. – 329 613;
  • Павлодар обл. – 205 030;
  • СҚО – 126 424;
  • Түркістан обл. – 927 107;
  • Ұлытау обл.  – 75 506;
  • ШҚО – 182 714;
  • Астана – 472 070;
  • Алматы – 665 430;
  • Шымкент – 497 081.