Қазақстанда жергілікті бюджет есебінен резидентураға гранттар бөлінеді. Бастама "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылмақ. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгінов жетінші сайланған мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеді.

"Биыл жылы жергілікті атқарушы органдар аса тапшы мамандықтар бойынша резидентураға – 900 грант, 2024 жылы – 1260 грант, 2025 жылы 1800 грант бөлуді жоспарлап отыр. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарының 45-тармағын іске асыру шеңберінде үш жылда резидентурада оқуға гранттар санын жыл сайын 70 пайызға арттыру жоспарланған", – деді Алтай Көлгінов.


Оқи отырыңыз:


Алтай Көлгінов медицина саласында кадрларды даярлау жұмыстары жалғасын тауып, Үкіметтің тұрақты бақылауында болатынын атап өтті.