Мәжіліс депутаты медициналық жоғары оқу орындарына грант бөлу жүйесін сынға алды.
Қазақстанда 5 мыңнан астам жоғары білікті медицина маманы жетіспейді. Оның ішінде анестезиолог, реаниматолог, инфекционист, эпидемиолог, жалпы тәжірибе дәрігерлері тапшы. Бұл туралы мәжілісмен Магеррам Магеррамов премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған депутаттық сауалында айтты.
Депутат мұны білім беру гранттарының негізсіз бөлінуімен байланыстырады.
"Мәселен, Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары 2017 жылдан бері өңірдегі дәрігер тапшылығын толтыру үшін Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарына грант бөліп келеді. Грант білім берудің бірінші сатысы – "бакалавриат" үшін ғана бөлінеді. Алайда түлек толыққанды медициналық маман болып шығуы үшін интернатура қажет екенін ешкім ойламаған", – деді депутат.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның қай өңірлерінде және қандай сала дәрігерлері тапшы?
Мәжілісмен Қазақстанда жалпы медицина мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен дәрігер болып жұмыс істеу мүмкін емес екенін айтты.
"Нәтижесінде дәрігердің біліктілік талаптары жоқ түлектер тек "медбике" бола алады. Тек кіші медицина қызметкерін дайындау шығару үшін бір студенттің бес жыл оқуына жылына бір миллион теңгеден астам қаржы жұмсаудың қажеті қанша? Мұндай тәсілмен медицина мамандарының тапшылығы шешілмейді", – деген депутат Үкіметті мәселеге назар аударуға шақырды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿Азия ойындары: бүгін Қазақстан құрамасы қандай жарыстарға қатысады
-
257
-
1
-
8
-
-
2🥤Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі артты
-
229
-
0
-
9
-
-
3🧑⚖️Павлодарда студентке қол көтерген колледж оқытушысының үстінен іс қозғалды
-
213
-
0
-
6
-
-
4🥳🥈Қоржынға тағы екі күміс медаль
-
207
-
0
-
10
-
-
5🏅Төртінші алтын!
-
212
-
0
-
14
-
-
6💵Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарған 65 тұрғын жауапқа тартылды
-
194
-
0
-
5
-
-
7💊Астана полицейлері мефедронның 2 мыңнан астам дозасын тәркіледі
-
174
-
0
-
5
-
-
8🐬Бразилияда 39 Цельсия градусқа (Фарангейт бойынша 102 градус) дейін көтеріліп, 100-ден астам дельфин қырылып қалды
-
174
-
0
-
6
-
-
9📣Қазақстанның бірқатар өңірлерінде нысандарға жылу беріле бастады
-
165
-
0
-
5
-
-
10💬Жеке деректері қолды болған қазақстандықтарға SMS арқылы хабар беріледі
-
158
-
0
-
2
-