Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша Маңғыстау және Қызылорда облыстары "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа, Солтүстік Қазақстан облысы "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті. Бұған Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының мәліметтері дәлел.

  • "Қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары;
  • "Сары" аймақта – Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстары;
  • "Жасыл" аймақта – Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Ұлттық орташа көрсеткіш бойынша Қазақстан "қызыл" аймақта.

Карантиндік шектеулердің күшеюі немесе әлсіреуі өңірдің коронавирустық инфекцияның таралу аймағындағы орнына байланысты.

Оқи отырыңыз: