2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасында 19 министрлік болды. Мемлекет басшысының жарлығымен бес жаңа министрлік құрылды, дәлірек айтқанда үшеуі қайта жасақталды. Осы орайда ауыс-түйістен кейін министрлердің орташа жасы қалай өзгергенін есептеп көрдік. 


Оқи отырыңыз: 25-тегі жастан 74-тегі зейнеткерге дейін: Мәжілістің жаңа құрамына шолу


Министрлердің жасы қаншада?

  • Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров (1966 жылы 12 маусым, 57 жаста);
  • Әділет министрі Азамат Есқараев (1979 жылы 7 қазан, 44 жаста);
  • Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек (1981 жылы 18 мамыр, 42 жаста);
  • Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният (8 маусым 1969 жылы, 54 жаста);
  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова (1968 жылы 16 қаңтар, 55 жаста);
  • Көлік министрі Марат Қарабаев (1987 жылы 4 шілде, 36 жаста);
  • Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев (1974 жылы 25 наурыз, 49 жаста);
  • Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов (1966 жылы 4 наурыз, 57 жаста);
  • Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева (1974 жылы 4 шілде, 49 жаста);
  • Оқу-ағарту министріҒани Бейсембаев (1969 жылы 3 маусымда, 54 жаста);
  • Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев (1981 жылғы 9 шілде, 42 жаста);
  • Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев (1977 жылы 1 желтоқсан, 45);
  • Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу (1976 жылы 11 наурыз, 47 жаста);
  • Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов (1967 жылы 31 наурыз, 56 жаста);
  • Төтенше жағдайлар министрі​ Сырым Шәріпханов (1967 жылы 1 мамыр, 56 жаста);
  • Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев (1969 жылы 29 тамыз, 54 жаста);
  • Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров (1983 жылы 14 қараша, 39 жаста);
  • Цифрлық даму, инновациялар​ және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин (1983 жылы 3 наурыз, 40 жаста);
  • Ішкі істер министрі Ержан Сәденов (1968 жылы 24 қазан, 54 жаста);
  • Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев (1961 жылы 11 тамыз, 62 жаста);
  • Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев (1970 жылы 31 қазан, 52 жаста).

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 2023 жылғы мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы қалай өтті? Бір күннің хронологиясы


Министрлердің орташа жасы қанша?

Бұған дейін ең жас министр – 33 жаста (Асхат Оралов), ал егде жастағысы – 58 жаста болды (Марат Ахметжанов). Орташа жас – 45,5.

Қазір ең жас министр – 36 жаста (Марат Қарабаев), ең үлкені – 62 жаста (Ерлан Нысанбаев). Орташа жас – 49.