Бірінші сыныпқа баратын балалардың құжатын қабылдау 1 сәуірде басталады
Білім және ғылым министрлігінің болжамынша, 2021-2022 оқу жылында елімізде 340 мыңнан аса бала мектеп табылдырығын аттайды. Егер баланың жасы 1 қыркүйекте толық 6 жасқа толған болса, бірден мектепке қабылданады. Ал жасы толық 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы үстіміздегі жылы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда ғана мектепке бара алады.
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады:
- ата-аналардың (немесе оларды алмастыратын тұлғалардың) өтініші;
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- "бала денсаулығы паспорты";
- 3х4 көлеміндегі 2 фото.
Білім беру ұйымы өтініш берушіден міндетті көрсетілген тізбеден басқа құжаттарды тапсыруды талап етуге құқығы жоқ.
Оқи отырыңыз: Төртінші тоқсанда оқушылар қалай оқиды? Маңызды 8 сұраққа жауап
Ережеге сәйкес, 1-сыныпқа қабылдау кезінде құжаттар алдымен мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден (тіркелу орны бойынша) қабылданады. Одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.
Гимназия, лицейлерден басқа мектептердің барлығы балаларды мектепке емтиханысыз қабылдайды.