Банк карталарымен жасалатын алаяқтықтың қалай алдын алуға болады?
Банктік картаның бірнеше сенімді қорғаныс дәрежесі болса да, алаяқтар азаматтардың ақшасын жымқырудың жаңа тәсілдерін ойластыруда.Fingramota.kz банк карталарымен жасалатын алаяқтықтың алдын алуға арналған қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұсынды.
№1. Картаны қолдан қолға беру
Кафелерде, мейрамханаларда және тіпті супермаркеттерде ақысын төлей отырып, сіз банктік картаңызды даяшының немесе кассирдің қолына тапсырасыз. Біраз уақыттан кейін сіздің картаңыздан интернет-дүкендерде сатып алу үшін сомалар алына бастайды. Көптеген электронды сауда алаңдарында, әсіресе шетелдік сауда орындарында, карта деректерін енгізу жеткілікті. SMS немесе электрондық пошта арқылы қосымша сәйкестендіру қарастырылмаған, не қаскүнәмдер өз құрылғылары мен электрондық жәшіктерін байланыстыра алады. Кейбір сайттар картаның алдыңғы жағын ғана, артқы жағында үш таңбалы кодсыз сұрайды.
Не істеу керек?
Картаны мобильді қосымша немесе банктің call-орталығы арқылы бірден бұғаттаңыз. Соңғы операцияны қайтару туралы өтініш жазыңыз.
Қалай алдын алуға болады?
Ешқандай жағдайда картаны суретке түсіре алатын немесе басқа жолмен одан ақпаратты көшіре алатын үшінші тұлғалардың қолына бермеңіз. Күдікті есептен шығаруды жіберіп алмау үшін транзакциялар туралы SMS-хабарламаны өшірмеңіз.
Оқи отырыңыз: Бейтаныс нөмірден ақша аударылғаны туралы SMS келсе, не істеу керек?
№2. Жұмыс істемейтін терминал
Тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде сіз картаны терминалдың үстіне қойып, төлем жасаймыз. Алайда, бірнеше минут күткеннен кейін даяшы немесе кассир төлемнің өтпегенін айтады және пин-кодты қайта енгізуді немесе автоматты төлем жасау үшін картаны терминалдың үстіне қоюды сұрайды. Бұл жағдайда сіз алаяқтардың айла-амалдары болмаса да, техникалық ақаулық салдарынан екі рет төлем жасауыңыз мүмкін.
Не істеу керек?
Чекті немесе операциядан бас тарту туралы хабарламаны сұраңыз. Кез келген терминал мұндай ақпаратты беруге міндетті. Егер сіз байқамай екі рет төлем жасап қойсаңыз, ақшаны қайтару туралы ресми өтініш жазыңыз.
Қалай алдын алуға болады?
SMS-хабарлама немесе мобильді банкинг арқылы қаражатты есептен шығару туралы ақпаратты тексеріңіз. Онда барлық операциялар, оның ішінде сәтсіз операциялар көрсетіледі.
Оқи отырыңыз: Электронды пошта қауіпсіздігін қалай күшейтуге болады?
№3. Физикалық байланыс
Заманауи карталарда байланыссыз картаны оқу құрылғысының үстіне қою арқылы белгілі бір сомаға дейін төлем жасау жүйесі бар. Мұны алаяқтар, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде: қоғамдық көліктерде, кезектерде қолдана алады. Мұндай жағдайда оқу құрылғысын сөмкеңізге немесе әмияныңызға жақын қойып ақша ұрлауға, яғни төлем жасауға болады.
Не істеу керек?
Егер сіз ақшаны күдікті есептен шығаруды байқасаңыз, қайтадан банкке хабарласып, картаны уақытша бұғаттауыңыз керек. Сондай-ақ, қате транзакция жасалғаны және ақшаны қайтару туралы өтініш жазу керек.
Қалай алдын алуға болады?
Байланыссыз төлем сіздің рұқсатыңызсыз жасалмауы үшін картаны әмиянның, сөмкенің немесе банктік карталарына арналған арнайы қалташада экрандау бөлімінде сақтаған дұрыс.
Оқи отырыңыз: "Банк картам бұғатталып қалды". Бұл жағдайда не істеу керек?
№4. Банкомат қажет болған кезде
Банктік карталар мен пин-кодтардың деректерін ұрлау әдетте арнайы скиммер құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Олар деректерді магниттік жолақтан немесе банктік картаның чипінен көшіреді. Сонымен қатар, үстеме пернетақта және/немесе жасырын камера банкоматтағы пернелердің басылғаны туралы мәліметтерді, соның ішінде пин-кодты енгізу арқылы ұрлайды. Осы деректердің көмегімен сіздің банктік картаңыздың толық көшірмесін жасауға болады. Ал ақша сіздің шотыңыздан алынады.
Не істеу керек?
Күдікті есептен шығару орын алған жағдайда, кайтадан картаны дереу бұғаттаймыз. Сонымен қатар, банктен қайда және қашан алынғаны туралы мәліметтерді ұсынуды сұраймыз. Барлық банкоматтарда бақылау камералары орнатылған. Қаскүнемдердің бет-әлпетін құқық қорғау органдарына беруге болады.
Қалай алдын алуға болады?
Банкоматты тексеріңіз: ол жерде қосымша құрылғылар болмауы тиіс, ал пернетақтасы мықтап бекітілген және қозғалмауы тиіс. Пин-кодты енгізген кезде пернелерді сыртқы байқаудан әрдайым қолмен қалқалаңыз. Банк бөлімшелерінің ішіндегі банкоматтарды пайдалануға тырысыңыз. Оларды жиі тексеріп тұрады және жақсы күзетеді. Банкоматта пернетақтаға арналған "қанаттар" болса жақсы – оларға үстеме пернетақта қою мүмкін емес, сонымен қатар пин-кодты қарау қиынырақ.
Fingramota.kz-дан жалпы ұсынымдар:
- Сіз жасамаған операцияларды бақылау үшін мобильді банк және SMS-хабарламаны қосыңыз. Осылайша сіз алаяқтардың әрекеттеріне жедел жауап бере аласыз және бұл жағдайда уақыт өте маңызды.
- Өзіңізбен бірге алып жүретін және күнделікті шығындар үшін пайдаланатын картада қомақты ақша сомасын сақтамаңыз. Қажет болса, негізгі шоттан немесе депозиттен аударым жасаған дұрыс. Банктердегі ішкі операциялардың көпшілігі тегін ғой.
- Қарт туыстарыңызға алаяқтардың айла-амалдары туралы айтыңыз, қаскүнемдердің нысанына айналатындар – көбінесе солар.