Тікелей эфир

Электронды пошта қауіпсіздігін қалай күшейтуге болады?

Әлемде электронды пошта қызметін тұтынушылар саны 4 миллиардтан астам.

Электронды пошта өмірімізге етене енгелі қашан?! Жеке қарым-қатынас, іскери, ресми әріптестіктің қай-қайсында да электронды поштаның көмегіне жүгінеміз. Сол себепті электронды хат алмасушылар саны күн өткен сайын артып келеді. Санаққа сүйенсек, қазіргі таңда әлемде 4,57 миллиард адам интернет пайдаланады екен. Солардың 88%-ы, яғни 4,03 миллиарды электронды пошта қызметін тұтынушылар. 

Электронды хат алмасудың іске асқанына 2021 жылы жарты ғасыр толады. 1960 жылдардың ортасынан бастап ғылыми тәжірибе жасалғанымен, ресми хат жіберу тек 1971 жылы ғана мүмкін болды. Tomlinson-ның тапқырлығынан кейін жүйе үздіксіз кемелденді. Бүгінгі таңда электронды хат жіберу небәрі 3 секундта орындалады. Онымен тек хат емес, түрлі суреттер мен құжаттар және басқа көлемді файлдар тасымалданады. Диск пен синхронизация функциясының қосылуы пошталық қызметтердің тіптен қажетін арттырып, жеке өміріміздің ажырамас бір бөлшегіне айналдырды. 

Тұтынушылар санының артуы әрі жеке және комерциялық деректердің сақталуы хакерлердің теріс ниетін оятты. Сол себепті электронды поштаға интернет қарақшылары жиі көз тігеді. Ендеше, хакерлер шабуылдағанда нендей мақсатты көздейді, қорғанысты қалай күшейту керек деген сұраққа жауап іздеп көрелік.


Оқи отырыңыз: Біле жүріңіз: Google жүйесінде іздеуді жеңілдететін таңбалар


Email пошталар не үшін бұзылады?

№1. Көтерме саудада сату

Әдетте мыңдаған пошталарды спамерлер сатып алады. Сіздің жеке дерегіңіз бен құпияңызға қол сұқпағанымен, тауары мен қызметін ұсынатындар тізіміне енесіз. "Швейцария сағаттары арзан бағамен" немесе "Өміріңізді бақытты ететін курс" деген сияқты спамдар келе бастайды. Бір қызығы поштасына осындай хат келген адамдардың  жүзден бірі сол өнімді сатып алады екен.

№2. Поштадан деректеріңізді ұрлау

Поштаңыз спамерлерге сатылса, онда сіз "мейірімді" хакерге жолыққаныңыз. Өйткені қалай болғанда да спам хаттарды сұрыптап, келмейтіндей не көрінбейтіндей  етуге болады. Ал пошта паролін қолға түсірген хакер сіздің әлеуметтік желілеріңізге, электронды ақшаңызға, банктердегі ақпараттарға, хостингтерге кіру мүмкіндігін алады. Деректеріңізге қол жеткеннен кейін шотыңыздағы қаржыңызды аударып алу олар үшін қиын емес.

№3. Бопсалау

Кейде хакерлер электронды поштаға кіріп жеке ақпараттарды жүктеп, әлеуметтік желілерге құпиясөзді өзгертіп, иесінен ақша талап етуі мүмкін. Бұндай бопсалау, әсіресе, әлеуметтік желіде оқырмандары көп отандық шоу бизнес өкілдері мен танымал тұлғалар арасында көбірек болып тұрады.

№4. Арнайы тапсырыс

Кейде пошталар арнайы тапсырыспен де бұзылуы мүмкін. Сізге тісін қайрап жүрген саяси қарсыласыңыз бен құрылымдар немесе бизнестегі бәсекелесіңіз мақсатты түрде осындай қадамға барады. Олар құпияңызға қол жеткізіп, мақсат-жоспарыңызды алдын-ала білу үшін, сондай-ақ қандай да бір құжатты ұрлап, өзіңізге қарсы қолдану үшін де  мұндайға барады.


Оқи отырыңыз: "Банк картам бұғатталып қалды". Бұл жағдайда не істеу керек?


Поштаны қалай қорғау керек?

Поштаңыз арқылы әлеуметтік желілер, чаттарда не істеп, не жазып жүргеніңізді біреудің қадағалап отырғанын қалайсыз ба?

Онда поштаңыздың паролін ай сайын өзгертіп отырыңыз. Тіс ысатын щетканы ауыстырған сайын пошта, жеке есептік жазбалар құпиясөздерін өзгертіп отырған жөн. Пошта паролін қауіпсіз комбинациялардан генерациялап, сақтап отыратын түрлі ақылы сервистер бар. Бірақ мұны сіз өзіңіз де жасай аласыз. Мәселен ай сайын таныстарыңыздың туған күніне, сол айда болған не болатын маңызды оқиғаларға байланысты бір сөзді алыңыз. Ол сөздің өзін түрлендіру керек. Мәселен Ә, А әріптерін @ таңбасымен, У, Ұ, Ү әріптерін ¥ таңбасымен, Л әріпін £ таңбасымен, C әрпін $ таңбасымен алмастырамыз, сол ай атауында кездесетін әріпті үлкен әріппен жазайық. Мәселен, желтоқсанда 6 жасар жиеніңіз Әлидің туған күніне қолтырауын алып бердіңіз.

  • ӘлиҚолтырауын6
  • @liQO£tyr@¥yn6

Әріптерді алмастыру алгоритмін үйренген соң күрделендіре берсеңіз, жадыңыз жақсара түседі. Ал поштаңыз берік қамалдай бұзылмайды.

Серіктестер жаңалықтары