Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz порталының Instagram парақшасында тікелей эфирде көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. Министр қашықтан оқытуға байланысты мұғалімдердің жалақысы қысқартылмайтынын, керісінше 2021 жылдың қаңтарынан бастап өсетінін айтты.

"Мұғалімге жүктеме көп. Оқу жүктемесі азайған жоқ, қайта мұғалімдердің жұмыстары арта үсті. Жақында мұғалімдерді ақысыз демалысқа жібереді деген ақпарат таратқандар да болды. Ол шындық емес. Педагог тамыз айында да әдеттегі жалақысын алуы тиіс", – деді Аймағамбетов.

Министр қашықтан оқытуды сылтауратып, мұғалімдердің жалақысын азайтқысы келгендер бар екенін де айтты.

"Мен онымен мүлдем келіспеймін. Біз қашықтан оқыту мұғалімдердің жалақысына әсер етпеуі керек деген шешім қабылдадық. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалақы айтарлықтай өсті. Қыркүйектен бастап "Мұғалім мәртебесі туралы" заңға сәйкес бірнеше қосымша төлемдер енгізіледі. Бұл мұғалімдер үшін айтарлықтай қолдау. Жақында, қаңтар айынан бастап әріптестеріміздің жалақысы тағы 25 пайызға өседі. Сондықтан біздің бүгінгі міндетіміз – әріптестеріміздің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылмауы үшін жалақылардың толық төленуін қамтамасыз ету", – деді министр.

Оқи отырыңыз: Мектеп формасы, қашықтан оқу, электронды оқулықтар. Жаңа оқу жылында оқушылар қалай білім алады?

Оқушылар қандай жағдайда мектепте оқиды?

Мектептерде бастауыш сыныптар үшін кезекші топтар жұмыс жасайды. Яғни, бастауыш сыныпта оқитын баланың ата-анасы мемлекет қабылдаған шектеулер мен қауіпсіздік шараларына қарамастан баласын дәстүрлі форматта оқытқысы келсе, ондай мүмкіндік беріледі. Дей тұрғанмен, бірқатар шектеулер сақталады.

"Біріншіден, мектептерде қатаң санитарлық талаптар болады. Ата-аналарға мектеп алаңына кіруге тыйым салынады. Балаларға мектепте тамақ берілмейді. 40 баладан көп оқушы бар сыныптар 10-15 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Сабақ арасындағы үзіліс әр түрлі уақытқа белгіленеді", – деді бас педагог.
Принцип: бір мұғалім – бір сынып. Әдетте бізде бастауыш сыныптарда бір негізгі мұғалім бар, ал ағылшын тілі сабағына басқа мұғалім келеді. Енді олай болмайды. Бастауыш сыныптарда оқушыларға бір мұғалім ғана сабақ береді. Сондықтан кейбір пәндер қашықтан оқу форматында өтеді.
"Ең бастысы, біз балаларға жазуды, санауды, оқуды үйренуге мүмкіндік беруіміз керек. Дәл осы пәндер негізінен мектепте өткізіледі", – деді министр.
Оқи отырыңыз: 1-сынып оқушылары "Әліппе" мен "Ана тілін" оқиды. Білім министрінің мәлімдемесі

Бірінші қыркүйекте мерекелік іс-шара өткізілмейді

"Біз бірінші қыкүйекте мерекелік шара болмайды деп шештік. Эпидемиологиялық жағдай бәрімізге мәлім. Балалар қашықтан оқиды деп, кейін бәрін білім күніне орай мектепке жинау қисынсыз. Сондықтан біз жаңа жылға дейін мектептерге ешқандай шара өткізбеуге кеңес береміз", – министр.
Оның айтуынша, тіпті Covid-19 эпидемиологиялық жағдай жақсарған күннің өзінде күзде ЖРВИ мезгілі басталады. "Жалпы, біртіндеп дәстүрлі режимге көшуіміз керек", – деп түйіндеді министр.

Университетте оқу ақысы өсе ме?

Министр елдегі қиын экономикалық жағдайға байланысты оқу ақысын көтермеу туралы жедел өтінішпен университеттерге жүгінгенін айтты:
"Біз жоғарғы оқу орындарынан осы мәселеге мұқият қарауды ұсындық. Әрине, талап етіп мәжбүрлей алмаймыз, барлығымыз заң үстемдік ететін мемлекетте өмір сүретінімізді түсінеміз. Белгілі бір лауазымды адамның немесе мемлекеттік органның құзыреті қайдан басталып, қайда аяқталатынын түсінуіміз керек. Ресми өкілеттіктерімізді асырмауға тиіспіз".
Аймағамбетовтың болжамынша, көптеген университеттер оқу ақысын бөліп төлеуді құптауы керек.
"Оқу ақысын өсірмеу үшін көп университеттер осылай жоспарлаған. Біз қазір бұл бағытта жұмысты істеп жатырмыз. Нәтижелі болады деп ойлаймын", – деді ол.

Колледж және университет студенттері қашықтан оқиды

Білім және ғылым министрлігі қашықтан және практикалық форматта оқытатын колледждер мен университеттерге студенттерді даярлау форматы бойынша нұсқаулық дайындады.
"Дегенмен, бізде жеке зертханалық жұмыс бар, шеберханадағы жүмыс, өндірістік оқыту, өндірістік практика жұмыс істейді. Мәселен, докторантурада үйде бір-екі адам жұмыс істейтін зертхана жұмысы бар. Осыған байланысты белгілі бір мамандықтар бойынша, белгілі бір мәселелер бойынша біз нұсқаулық дайындадық. Біз оны университет ректорларымен, студенттік ұйымдармен және басқа да оқытушылармен бірнеше рет талқыладық. Барлық аспектілерді, осы сәттерді ескеретін құжат дайындадық", – деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.