Абайдың 175 жылдығына орай Алматыда ескерткіші ашылды
Салтанатты рәсімге Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.
"Абайдың мерейтойы – мәдениет және әдебиет қайраткерлері, сөз өнері шеберлері үшін айтулы мереке. Ұлы ойшыл, ақын және философтың ғақлиялары мен бай мұрасы қазақ халқының игілігіне айналып отыр. Абайды оқып, кез келген адам өзін жетілдіріп, кемелдене алады", – деді Бақытжан Сағынтаев.
Туындының авторы – ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев.
Оқи отырыңыз:
- Абайдың 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды
- Президент Абайдың 175 жылдық мерейтойын ұйымдастыруға шетелдік мамандарды тартпауды тапсырды
Ақынның 175 жылдық мерейтойы 21 қаңтар күні елордада салтанатты түрде ашылған болатын. Биыл Қазақстанда Абай тойына арналған 500-ден астам іс-шара өтеді деп жоспарланып отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында жарияланған "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласындағы 10 өзекті ойды мына жерден оқи аласыздар.