"Елбасының бастамасымен қордың Қамқоршылар кеңесі ауылдық елді мекендерде тұратын 80 мың отбасыға көмек көрсету туралы шешім қабылдады", – деді Бауыржан Байбек.

Birgemiz қорына барлығы 28 млрд теңгеден астам қаражат жиналған. бұған дейін 50 мың теңгелік көмек Қазақстанның 23 ірі қаласында, сондай-ақ, оларға жақын орналасқан шағын қалалар мен ауылдарда тұратын 470 мыңнан астам отбасыға берілген болатын.

Оқи отырыңыз: 50 мың теңге көмек кімдерге беріледі? Оны алу үшін құжат тапсыру қажет пе?

50 мың теңге көмек алушылардың тізімін әр өңірдің әкімдігі анықтайды. Көмек алушылардың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы негізінде 7 санаты бекітілген:

  • Тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар;
  • Бірінші топтағы мұқтаж мүгедектер;
  • Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • Ең төменгі зейнетақы алып жүрген зейнеткерлер (38 686 теңге);
  • Базалық зейнетақы алатындарға (16 839 тенгеден төмен);
  • Жетім балалар (тұл жетім және асыраушысының бірінен айрылған балалар);
  • Ұлы Отан соғысына қатысушылар;
  • ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер;
  • Тыл еңбеккерлері.

Ескерту: Әрбір санатта мұқтаж жандар да, сонымен бірге көмекті қажет етпейтіндер де бар. Сондықтан көмек тек мұқтаждарына ғана көрсетіледі.

Оқи отырыңыз: Birgemiz қоры тағы 110 мың отбасыға 50 мың теңгеден көмек береді

Материалдық көмек, сондай-ақ, коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық қызметкерлерді қолдауға және әлеуметтік тұрмысы төмен 100 мың отбасыны тегін маскалармен қамтамасыз етуге жұмсалған.