42 500 теңге тағайындалмаған азаматтардың өтініші қайта қаралады. Ол үшін не істеу керек?
Өтінішті кімдер бере алады?
- Жұмыс беруші тарап шағын және орта бизнес, ірі кәсіпкерлік (карантин енгізілген өңірлерде), коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін өтініш бере алады. Бұл жағдайда өтініш тек әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тартуға шешім қабылдаған қызметкерлер үшін беріледі.
- Әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы шешім қабылдаған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар өз бетінше өтініш бере алады.
Оқи отырыңыз: 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға 42500.enbek.kz сайтында өтініш беруге болады
Қандай құжаттар қажет?
- Жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберу туралы бұйрықтар;
- Жұмыс берушінің төтенше жағдай кезеңінде кірісін жоғалту фактісін растайтын құжаттар;
- Мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан).
- Мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация;
- Табыстың жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа да құжаттар).
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін:
- заңды тұлғамен жасалған жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) арналған АҚС шарты.
Оқи отырыңыз: 42 500 теңге. Төтенше жағдай кезіндегі бұл әлеуметтік төлем кімге және қалай беріледі?
Өтініштер қалай қаралады?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, оң қорытынды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне беріледі. Ол "өтініш берушінің электронды іс макетін" қалыптастырып, деректерді мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалына береді. Содан соң, филиал әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.Оқи отырыңыз: 42 500 теңге: екінші айдың әлеуметтік төлемі қашан беріледі?
Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін аудандық (қалалық) штаб 42 500 теңге әлеуметтік төлемін тағайындауға құқығы бар/жоғы туралы қорытынды шығарады. Егер өтініш беруші аудандық/қалалық штабтың қорытындысымен немесе сақтандыру қоры филиалының шешімімен келіспесе, ол растайтын құжаттармен облыстық штабқа жүгіне алады.
Өтініштер 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін қаралады.