Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов әлеуметтік желілерде тараған "42 500 мың теңге алған үшін соттайды екен" деген қауесет әңгімеге қатысты пікірін білдірді. Informburo.kz министр түсіндірмесінің толық мәтінін ұсынады.

Біраз заңгерлер алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік бар екені туралы мақала, не посттар жазуда. Оны 42 500 теңгеге қатыстырып келтіруде.

Заңгерлер болған соң заңды бізден артық біледі. Олардыкі дұрыс та шығар, бірақ бұл тек алаяқтарға қатысты.

Сіз ондай емессіз ғой. Сіз ешкімді алдаған жоқсыз.

Мен брифингтерде, жазбаларымда айтқанымдай, өздеріңіз үшін "мен жұмыс, тіршілік жасап (ресми, бейресми), ақша тауып жүр едім, енді төтенше жағдайға қатысты сол табыстан айырылдым" деп шештіңіздер ме? Кейін, мен ескерткендей, өтініш бергенде порталда төмендегі жазбаны тағыда оқып, растап, сөйтіп барып өтінішті жібердіңіз ба?

Ондай болса, Сіз айттыңыз, біз сендік. Сіз алдаған жоқсыз. Біз тағайындадық, төледік. Сол үшін кінәлайды деп еш уайымдамаңыздар.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға 42500.enbek.kz сайтында өтініш беруге болады

Дәл мен айтқандай жасаған болсаңыздар, біздің тарапымыздан үйді аралап, ешкім тексермейді.

Бұл қайдан шыққан әңгіме дейсіздер ғой? Соңғы брифингте, бір жүрналист менен: "Мен жұмыс істеп, тұрақты жалақы алып жүрген адам 42 500 теңге алғанын білемін, оны қалай өткізіп алдыңыз?" деп сұрады.

Мен оған: "Біз өтініш беру тәртібін, халықтың сұрауы, талабы бойынша барынша қарапайымдаттық, жұмыс беруші өтінішінде "қызметкерлерімді ақысыз демалысқа жібердім" деп көрсетті, біз оған сендік. Ал олай болмаса, жұмыс беруші жауап береді, оны біз кейін тексеріп аламыз" деп жауап қайтардым. Брифингті көргендер растайтын шығар. Жалпы дұрыс емес пе?

Оқи отырыңыз: Зейнеткерлер мен студенттер 42 500 теңге әлеуметтік төлем ала ма? Маңызды 18 сұраққа жауап

Артынша екінші сұраққа: "Өтініш берген халықты, үйлерін аралап тексермейміз" дедім. "Сіз айттыңыз, біз сендік. 42 500 алдыңыз ба, жаратыңыз" дедім. Солай болады.

Сондықтан, осы жағдайда, өзіңіз үшін тағыда шешіп алыңыз, "Мен 42500 теңгені алдап алдым ба, жоқ па?" деп. Әрине, жоқ. Олай болса, Сіз ешқандай жауапкершілікке ешқашан тартылмайсыз.

Халық "42 500-ге" өтініштерін еріккеннен беріп отырған жоқ. Төтенше жағдай болмаса да, басым халықтың табысы аз. Жалақы төмен, зейнетақы, жәрдемақы көп емес. Сондықтан біз қарапайым таза халықты артынша тексеріп жатпаймыз.