"Үй үшінші және төртінші класс жайлылығы бойынша таза әрленген. Пәтер шаршы метрінің құны 180 000 теңгеден аспайды, бұл елордада жаңа тұрғын үйдің орташа құнынан екі есе төмен", – деп түсіндірді банктің орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев.

Әкімдіктің тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде 47 312 адам кезекте тұр.

Оқи отырыңыз: Баспаналы болудың төрт жолы ұсынылды

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында тұрғын үй конкурстық негізде 50/50 қағидаты бойынша бөлінеді. Яғни пәтерлердің 50 пайызы әкімдік кезегінде тұрғандар арасында, қалған 50 пайызы банктің басқа салымшылары арасында бөлінеді.

Бұл ретте, мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін әкімдіктің кезегінде тұрғандар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы болуы шарт.

Оқи отырыңыз: "Бақытты отбасымен" баспаналы болғандар. 2%-бен үй алғандар не дейді?

Барлық үміткерлерге талап бірдей:

  • Республика азаматтығы немесе оралман мәртебесінің болуы;
  • ҚР аумағында меншік құқығында тұрғын үйдің болмауы (үміткердің өзі де, онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелері де);
  • Cоңғы 2 жыл ішінде Нұр-сұлтан қаласында тұрақты тіркеуінің болуы қажет.

Ағымдағы жылдың басынан бастап 729 пәтер берілсе, оның ішінде 547 пәтер әкімдікте кезекте тұрғандарға үлестірілді.

Тұрғын үй жинаған баллға сәйкес бөлінеді. Балл депозитті толықтыру жүйелігінен және ТҚЖБ-ндегі депозит мерзімінен құралады.

Екі жыл ішінде "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 984 отбасы өз баспанасын алды. Тағы 250 салымшы жаңа жыл қарсаңында қоныс тойын тойлайды, ал 403 отбасы өз пәтеріне 2020 жылдың басында ие болады.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары біріктіріледі. Үкімет қанша адамды үймен қамтиды?

Елордада тұрғын үйге деген сұраныс жоғары. Бірақ соңғы уақытта екінші деңгейлі банктер тұрғын үй құрылысы саласына кредит беруге құлықсыз. Сондықтан Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры мен Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі ынтымақтастығы шеңберінде үлестік қатысуды күшті мемлекеттік қолдау мен бақылау мәселені шешеді деп күтіліп отыр.

Қор үлескерлер қаражатының сақталуына және мақсатты пайдаланылуына, сапасын бақылауға және мерзімдердің сақталуына кепілдік береді.

Оқи отырыңыз: Риэлтор қызметінің ұлттық стандарты бекітіледі. Құжат маклерлердің алаяқтығы мәселесін қалай шешеді?

"Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі салымшыларға пәтер сатып алуға көмектеседі. Ал несие бойынша кепіл ретінде салынып жатқан нысанда тұрғын үй болады. Қордың кепілдігімен қамтамасыз етілген үлестік құрылыс салымын жоғалтпай, құрылыс кезінде төмен баға бойынша тұрғын үй сатып алуға жол ашады", – деді "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ кепілдік беру департаментінің директоры Жаңыл Саяқова.

Елордада халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші республика бойынша ең жоғары болып табылады. Адам басына шаққанда 30 шаршы метрді құраса, бұл қазірдің өзінде БҰҰ-ның әлеуметтік стандарттарына сәйкес келеді.

Салымшы қала тұрғындары жинақтамасының жалпы сомасы 143,6 млрд теңгені құрайды.

Оқи отырыңыз: Көп балалы отбасыларға үй беріле бастады. Жалдамалы үйлер мен 2% несиені алу үшін қойылатын талаптар

Жыл басынан бері Нұр-сұлтан қаласында 12 960 адам қолжетімді несие алып, тұрғын үй мәселесін шешті.

Естеріңізге сала кетейік, 20 пайыз мөлшеріндегі мемлекеттің жыл сайынғы сыйақысы 200 АЕК немесе 505 000 теңгеден аспайтын сомаға есептеледі.

Осы бонусты мемлекеттен алу үшін ТҚЖБ клиенттері ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін өз депозиттерін толықтыруы тиіс. Мемлекет сыйлығы 2020 жылдың бірінші тоқсанында есептелетін болады.