10 маусымда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 239 адам тіркеліп, 6 науқас көз жұмды
10 маусым. Коронавирус жұқтырғандар саны – 13 558
- Алматы – 2 957;
- Нұр-Сұлтан – 2 570;
- Атырау облысы – 1 232;
- Қарағанды облысы – 1 290;
- Шымкент – 1 022;
- Батыс Қазақстан облысы – 878;
- Жамбыл облысы – 462;
- Түркістан облысы – 416;
- Қызылорда облысы – 484;
- Алматы облысы – 470;
- Ақтөбе облысы – 444;
- Павлодар облысы – 296;
- Маңғыстау облысы – 357;
- Ақмола облысы – 184;
- Қостанай облысы – 209;
- Шығыс Қазақстан облысы – 215;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 72.
Жазылғандардың жалпы саны – 8 345
Көз жұмғандар – 67
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 239 адам тіркелді. Өсім 1,8%.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
- Қарағанды облысы – 52 (+4,2%);
- Шымкент – 30 (+3,0%);
- Нұр-Сұлтан – 27 (+1,1%);
- Алматы – 18 (+0,6%);
Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте вирус жұқтырғандар тіркелмеді.
Республика бойынша барлығы 13 558 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 8 345, қайтыс болғандар саны – 67. Ауруханада ем алып жатқандар – 5 146.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 393 симптомсыз тасымалдаушылары тіркелді. Қазақстандағы олардың жалпы саны – 2 529. 3 маусымнан бастап олар бөлек санатқа жатқызылып, жалпы статистикаға енгізілмейтін болды.Оқи отырыңыз: 9 маусымда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 245 адам тіркеліп, 3 науқас көз жұмды
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы
Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.