Тікелей эфир

10 маусымда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 239 адам тіркеліп, 6 науқас көз жұмды

Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz
Covid-19 жұқтырғандар саны 13 558-ге жетсе, соңғы тәулікте 330 науқас емделіп шықты.

10 маусым. Коронавирус жұқтырғандар саны – 13 558

  • Алматы – 2 957;
  • Нұр-Сұлтан – 2 570;
  • Атырау облысы – 1 232;
  • Қарағанды облысы – 1 290;
  • Шымкент – 1 022;
  • Батыс Қазақстан облысы – 878;
  • Жамбыл облысы – 462;
  • Түркістан облысы – 416;
  • Қызылорда облысы – 484;
  • Алматы облысы – 470;
  • Ақтөбе облысы – 444;
  • Павлодар облысы – 296;
  • Маңғыстау облысы – 357;
  • Ақмола облысы – 184;
  • Қостанай облысы – 209;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 215;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 72.

Жазылғандардың жалпы саны – 8 345

Көз жұмғандар – 67

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 239 адам тіркелді. Өсім 1,8%.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Қарағанды облысы – 52 (+4,2%);
  • Шымкент – 30 (+3,0%);
  • Нұр-Сұлтан – 27 (+1,1%);
  • Алматы – 18 (+0,6%);

Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте вирус жұқтырғандар тіркелмеді.

Республика бойынша барлығы 13 558 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 8 345, қайтыс болғандар саны – 67. Ауруханада ем алып жатқандар – 5 146.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 393 симптомсыз тасымалдаушылары тіркелді. Қазақстандағы олардың жалпы саны – 2 529. 3 маусымнан бастап олар бөлек санатқа жатқызылып, жалпы статистикаға енгізілмейтін болды.

Оқи отырыңыз: 9 маусымда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 245 адам тіркеліп, 3 науқас көз жұмды


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары