Covid-19 жұқтырғандар саны 13 319-ға жетсе, соңғы тәулікте 278 науқас емделіп шықты.
9 маусым. Коронавирус жұқтырғандар саны – 13 319
- Алматы – 2 939;
- Нұр-Сұлтан – 2 543;
- Атырау облысы – 1 227;
- Қарағанды облысы – 1 238;
- Шымкент – 992;
- Батыс Қазақстан облысы – 863;
- Жамбыл облысы – 457;
- Түркістан облысы – 403;
- Қызылорда облысы – 470;
- Алматы облысы – 457;
- Ақтөбе облысы – 427;
- Павлодар облысы – 286;
- Маңғыстау облысы – 343;
- Ақмола облысы – 182;
- Қостанай облысы – 208;
- Шығыс Қазақстан облысы – 204;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 72.
Жазылғандардың жалпы саны – 8 015
Көз жұмғандар – 61
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 245 адам тіркелді. Өсім 1,9%.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
- Қарағанды облысы – 50 (+4,2%);
- Алматы – 35 (+1,2%);
- Ақтөбе облысы – 26 (+6,5%);
- Нұр-Сұлтан – 23 (+0,9%);
Түркістан облысында өткен тәулікте вирус жұқтырғандар тіркелмеді.
Республика бойынша барлығы 13 319 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 8 015, қайтыс болғандар саны – 61. Ауруханада ем алып жатқандар – 5 243.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 440 симптомсыз тасымалдаушылары тіркелді. Қазақстандағы олардың жалпы саны – 2 136. 3 маусымнан бастап олар бөлек санатқа жатқызылып, жалпы статистикаға енгізілмейтін болды.Оқи отырыңыз: 8 маусымда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 215 адам тіркеліп, 2 науқас көз жұмды
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы
Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.