1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында әуе байланысы ашылады. Әуежайлар мен әуе кемелері күшейтілген түрде зарарсыздандырылады. Дегенмен, сапарға шығу үшін жолаушылар бірқатар санитарлық сталаптарды орындауы қажет.

Жолаушыда ең алдымен Covid-19 бар-жоғын анықтау үшін ПТР тестінен өткені және оның теріс нәтиже көрсеткені туралы анықтама болуы қажет. Анықтама берілген күннен бастап 7 күн ішінде жарамды. Одан бөлек, жолаушы маска мен қолғап пайдалануы керек. Ал әуежайда дене қызуын өлшген кезде әлеуметтік қашықтық сақталады. Сондай-ақ, ұшақта тамақ берілмейтінін ескерген жөн.

Оқи отырыңыз: Коронавирусты анықтайтын тестті тегін тапсыруға болады. Ол үшін не қажет?

Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында ұшатын азаматтар коронавирус инфекциясын анықтайтын тестті өз қаражатына тапсырады.

Тест тапсыруға болатын зертханалар:

№1. "Ұлттық сараптама орталығы"

  • Нұр-Сұлтандағы филиалы: Желтоқсан көшесі 46, телефон: 8 (7172) 31-54-09, 8 (7172) 59-00-77;
  • Алматыдағы филиалы: Жібек жолы көшесі 3, телефон: 8 (7273) 82-35-65, 8 (727) 259-00-77.
Тест тапсыру құны: 15 616 теңге. Ескерту: 30 сәуірден бастап – 11 500 теңге. Анализ нәтижесі бір күнде дайын болады.

№2. "Олимп" клиникалық-диагностикалық зертханалары

Нұр-Сұлтандағы филиалдары:

  • Республика даңғылы 2/1; Гёте көшесі 3; Бауыржан Момышұлы даңғылы 16; Абылай хан даңғылы 12/1; Е-10 көшесі 2-үй;, Манкент т.к 2 (мобильді пункт).

Тест 8 (701) 961 70 08 телефоны арқылы алдын ала жазылумен ғана жасалады. WhatsApp-та осы нөмірге мәтіндік SMS жазу керек.

Алматыдағы филиалдары:

  • Медеу ауданы – Халиуллин көшесі 32; Сейфуллин көшесі 549, Жандосов көшесі 1В; Алмалы ауданы – Байзақов көшесі 221/155; Гагарин көшесі 236б.

Тест 8 (701) 961 7307 телефоны арқылы алдын ала жазылумен ғана жасалады. WhatsApp-та осы нөмірге мәтіндік SMS жазу керек.

Тест тапсыру құны: 19 760 теңге. Анализ нәтижесі бір күнде дайын болады.

№3. INVIVO зертханасы

Алматыда – Қарасай батыр көшесі 123. Қоңырау шалу орталығы: 8 (727) 258 83 83, 8 (778) 769 38 81.

(Алматыдағы INVIVO зертханасының өкілі әзірге ПТР тест жүргізбейтінін, сондықтан оның бағасы туралы мәлімет бере алмайтынын айтты)

Оқи отырыңыз: Ауруханалар карантин режимінде қалай жұмыс істейді?

Рейс жиілігі мен билет құны қандай?

Нұр-Сұлтан және Алматы арасында күніне төрт рейс жасалады:

  • Air Astana – 2 рейс;
  • Fly Arystan – 1 рейс;
  • SCAT – 1 рейс.

Билеттер 27 сәуірден сатыла бастады. Қазақстан әуе компаниялары күрделі жағдайды түсіне отырып, билет бағасын сатып алу күні мен уақытына байланысты 7 мың мен 30 мың теңге аралығында белгіледі.

Әрі қарай жағдай жақсарып жатса, рейс санын және әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қаралады.

Оқи отырыңыз: Қазыққа байланған қанат

Қазақстан аумағында коронавирустың одан әрі таралуын болдырмау және дер кезінде әрекет ету мақсатында 45 ішкі бағыт бойынша аптасына 540 (100%) тұрақты жолаушылар рейсі және 97 халықаралық бағыт бойынша аптасына 440 (99%) рейс (442-ден 2 рейске дейін) тоқтатылған болатын.

Төтенше жағдай режиміне және рейс санының азаюына байланысты азаматтық авиация саласының 20 мың қызметкерінің шамамен 70 пайызы ақысыз демалысқа шықты. Жыл соңына дейін саладағы шығын көлемі шамамен 300 млрд теңгені құрауы мүмкін.