Жыл басында қоғамды дүрліктірген көлік дауы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 наурызға дейін уақытша тіркеу енгізуімен саябырсығандай. Бірақ, бұл – мәселенің түпкілікті шешімі емес, шешім табуды кейінгі қалдыру ғана.
Ал, мәселенің шешімі, тіпті, тереңде жатыр.
Бірігіп пішкен тон келте болмас. Қоғаммен санаспай, жабық есік жағдайында қабылданған шешімдер қарапайым халықтың пайдасына шешілмейтінін білгілі. Айтылғанның айқын көрінісі ретінде Қазақстанның Кедендік және Еуразиялық экономикалық одаққа енуін қарастыруға болады. Отандық сарапшылардың сан мәрте ескертулеріне, нақты сараптамаларға негізделген дәйектері мен уәждеріне, тіпті, жанайқайына қарамастан Қазақстан бұл одақтарға мүше болды. Сол кезде ресми органдар уәде еткен "кереметтердің" (бәсекелестікке қабілеттілік күшейеді, оның есебінен тауарлардың сапасы артып, ал есесіне бағасы төмендейді, осылайша халықтың әл-ауқаты көтеріледі секілді) бәрі жолда қалды.
Оқи отырыңыз: Иранға АҚШ емес, ішкі толқуларының қаупі басым
Келтірілген тұжырымға көз жеткізу үшін отандық көлік нарығында орнаған жағдайға назар аударсақ жеткілікті.
2011 жылдан күшіне енген Кедендік одақта шетелдік көліктерге салынатын баж күрт өсті. Сандар тілімен сөйлер болсақ, бес жылдан асқан және қозғалтқыш көлемі 1800-3000 текше сантиметр көліктерге кедендік баж әр сантимтер кубқа 4 евро құрайтын болды (бұған дейін аталмыш көрсеткіш орташа есеппен 0,5 евроны құрап, 8 есе төмен болатын). Нәтижесінде 2011 жылға дейін, мәселен, бес жылдық, қозғалтқышы 1800 текше сантиметр Toyota Camry көлігіне кедендік баж 1035 доллар болса, бұдан былай дәл сондай қалыптағы көлік үшін 7476 доллар төлеуге тура келеді.
Өкінішке орай, бұл мәселенің басы ғана. "Мейлі, әлгі кедендік баждардан түскен миллиардтаған ақша Қазақстан экономикасына қызмет етеді ғой" дер едік. Бірақ, сол қаржының басым бөлігі Еуразиялық одақтағы ең ірі мүше мемлекет – Ресейдің қалтасына құйылып жатыр. Шетелдің сапалы көліктері қолжетімсіз болғандықтан, үкімет өз азаматтарын ресейлік көліктерді алып, сол арқылы Ресей өнеркәсібін сүйемелдеуге мәжбүр етті. Дәлел үшін келтірейік, Қазақстанда 2019 жылы ең көп сатып алынған 4 автокөлік маркасының үшеуі – Lada көліктері (Lada Granta, Lada Vesta, Lada 4x4).
Оқи отырыңыз: Заңсыз қос азаматтық алушылардың жазасы неге жеңіл?
ЕЭО жақтаушыларының енді бірі – енгізілген көтерме баж салығы отандық көлік өндірушілерді қолдау үшін жасалған шара дегенді негізге алады. Алайда шындығына келгенде бұл бос сөз деп есептеймін. Себеп – шетелдік көліктерді өндіруші қазақстандық компанияларды толыққанды көлік өндірісі санатына жатқызуға еш келмейді. Ол үшін әлемдік тәжірибеге сәйкес, тиісті кәсіпорында отандық қосалқы бөлшектер 50 пайыздан асу керек. Мәселен, Өзбекстандағы УзДэу компаниясы аталған талапқа толығымен жауап береді. Сондықтан автоиндустриясы бар держава ретінде Өзбекстан шетелдік көліктерге көтерме кеден салығын салса, оның жөні бар.
Ал ресми деректер бойынша 30, бейресми деректер бойынша бірнеше ғана пайыздан аспайтын (өз басым Қазақстанда шығарылған көліктерде аккумулятордан басқа отандық өнімді көрмеппін) өндірісті қалайша толыққанды өндіріс санауға болатыны түсініксіз. Анығында бұлар Lego секілді дайын шетелдік бөлшектерді құрастырушы цех қана.
Ендігі мәселе: Белгілі бір тауар Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ кеңістігінде тек бір мәрте ғана кедендік тазартудан өтеді – бұл ЕЭО кодексіндегі басты қағидаттың бірі. Олай болса, Арменияда кедендік баждары төленіп қойған автокөлікке ол Қазақстанға енгенде қосымша баж салығының салынуы сын көтермейді.
Оқи отырыңыз: Әлем диктаторларының құпия шоттары
Жоғарыда келтілірлген деректер мен дәйектердің барлығы жалғыз ғана көліктерге қатысты айтылды. Осы нарықтың өзінен Қазақстан мемлекеті де, Қазақстан азаматтары да жыл сайын миллиардтаған шығынға ұшырап отыр. Ол аздай, сапалы да қауіпсіз көліктер қолжетімді болмағандықтан, қалған-құтқан темір-терсек салдарынан орын алған жол апаттарында қаншама адам қаза табуда, қоршаған ортаға орасан залал келуде. Ал бұдан басқа дәл сондай былықтар мыңдаған, тіпті он мыңдаған тауарларға (азық-түлік өнімдерінен бастап ұшақтарға дейін) тән екенін ұғынар болсақ, Еуразиялық экономикалық одақтың пайдасынан зардабы дәл сонша мәрте көп екенін түсіну керек.
Сөз соңында айтайық, таяуда көршілес Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзиёев өз елінің Еуразазиялық экономикалық одаққа кірмейтінін мәлімдеді. Парламенттің алдында сөйлеген сөзінде ол: "Мен тек бір нәрсені айтқым келеді. Ешкім өзінің Тәуелсіздігін өз қолымен ешқашан бермейді. Тәуелсіздік халық сенім артқан президенттің қолында болып табылады. Олай болса, біз бұл одақтың мүшелігінен бас тартамыз", – деді.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🏃📱 Одному из участников ночного забега в Астане подарят iPhone 15 Pro
- 6404
- 0
- 20
-
2🎉 Группа Orda, ансамбль "Яшлык" и V$XV Prince. Как интересно провести выходные 23 и 24 ноября в Астане и Алматы
- 5007
- 1
- 6
-
3🌡Прогноз погоды на 21 ноября: метель и гололёд ожидаются на севере и востоке Казахстана
- 2734
- 0
- 5
-
4🟢 Лицензирование детских садов введут в Казахстане с 2027 года
- 2433
- 3
- 18
-
5👨⚕️ Пациенту ампутировали ногу по вине врача: хирург избежал реального срока в ЗКО
- 2466
- 2
- 39
-
6🟢 Премию Михаила Дорофеева вручили основателю проекта Protenge Джамиле Маричевой
- 2509
- 0
- 8
-
7🆕🆕🆕🆕 Таразский университет использовали для фиктивной регистрации мигрантов
- 2407
- 1
- 16
-
8💬💬 "Мать была на работе..." О гибели четырёх детей при пожаре в Астане
- 2372
- 2
- 27
-
9🟪 Ерлан Карин: Число вышедших из казахстанского гражданства с 2019 уменьшилось более чем в 16 раз
- 2406
- 6
- 104
-
10⛈ На США обрушился "циклон-бомба": власти готовятся к тяжёлым последствиям
- 2379
- 0
- 20