Прямой эфир Новости спорта

Қазақстандағы ЮНИСЕФ: Ауылдағы әрбір екінші мектепте қол жуатын жылы су жоқ

11-15 жас аралығындағы балалардың 42,6 пайызы энергетикалық сусындар ішеді.

Қазақстандағы ЮНИСЕФ зерттеуінше, әрбір екінші ауылдық және әрбір төртінші қала мектептерінде қол жууға арналған жылы су жоқ. Мектептердің шамамен 40 пайызында қолды кептіретін қондырғылар жоқ. Бұл туралы НҚА порталындағы "Ана мен бала" денсаулығын сақтау жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдамада" жазылды. 

"Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДҰО) 2020 жылы COSI ұлттық зерттеуін жүргізді. Қазақстанда 6-9 жас аралығындағы әрбір бесінші оқушының артық салмағы бар, оның ішінде семіздікке шалдыққан. Сонымен қатар 5 пайызында салмағы нормаға жетпейді. Ал балалардың 2 пайызында бойы жай өседі", – деп жазылған тұжырымдамада.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда балалардың 7 пайызға жуығы семіздікке шалдыққан


Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану әдеттері мен физикалық белсенділігінде оң өзгерістер бар. 6-9 жас аралығындағы балалардың 74,5 пайызы күн сайын таңғы ас ішеді. Кіші жастағы оқушылардың көпшілігі физикалық белсенді. Жасөспірімдердің тек төрттен бірі күнде жеміс-жидек жейді және жоғары сынып оқушыларының үштен бірі дене жаттығуымен айналысады.

"HBSC-Қазақстан 2022 зерттеуінің нәтижесінде балалар мен жасөспірімдердің гиподинамия көрсеткіштері өсіп келеді. Мектеп оқушыларының жартысы (51,3%) ұзақ уақыт компьютер және автомат ойындар ойнайды. Балалардың үштен бірінен астамы (37%) телефон және планштетте видео қарайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, экран уақыты күніне 2 сағаттан аспауы керек. Алайда балалар мұны ескере бермейді. Балалардың салауатты өмір салтын ұстануына сыртқы орта, ата-аналарының өмір салты үлкен әсер ететінін ұмытпаған жөн", – делінген құжатта.


Оқи отырыңыз: Алкоголь, темекі, май мен тұз: Неге зиянды әдеттерді заңмен қойдыруға болмайды?


Жасөспірімдер мен жастар энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтынады. 2022 жылы ҚДҰ жүргізген HBSC зерттеуінде 11-15 жас аралығындағы балалардың 42,6 пайызының энергетикалық сусындар ішетіні, бұл ретте әрбір бесінші оқушы апта сайын, ал балалардың 3 пайызы күн сайын соған ұқсас сусындар ішетіні анықталды.

11-15 жас аралығындағы балалардың 6 пайызы темекі шегіп көрген. Ал 10 пайызы вейптерді, яғни электронды темекілерді тұтынып көрген және олардың 6 пайызы бұл әдетті тастамаған.

Популярное в нашем Telegram-канале
Новости партнеров