Тікелей эфир

Қазақстанда балалардың 7 пайызға жуығы семіздікке шалдыққан

Олардың ішінде ұлдардың үлесі басымырақ.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың мәліметінше, Қазақстанда 6-9 жастағы балалардың арасында артық дене салмағын жинағандардың үлесі – 20,6% (ұлдардың арасында – 23,6%, қыздардың арасында – 17,6%) құрайды. Оның ішінде балалардың 6,6%-ы семіздікке (оның ішінде ұлдар – 8,7%, қыздар – 4,6%) шалдыққан.

Қант диабетімен сырқаттанушылықтың 7 жылда 62%-ға өскені байқалған. Егер 2015 жылы бұл көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда 173-ті құраса, 2021 жылы 280-ді құрады.

Қазақстандағы барлық өлім-жітімнің 84%-ға жуығының себебі – инфекциялық емес аурулар. Соңғы зерттеу деректері бойынша инфекциялық емес аурулардың төрт негізгі тобының (жүрек-тамыр аурулары, қант диабеті, созылмалы респираторлық және қатерлі ісік аурулары) мезгілсіз қайтыс болу ықтималдығы әйелдермен (19%) салыстырғанда ер адамдарда (37%) 27% басым болып келеді.


Оқи отырыңыз: 


 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары