Тікелей эфир

Жыл басынан бері 5,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

1991 жылдан бастап республикаға 1 млн 76,1 мың этникалық қазақ елге келген.

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 5 685 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанға келген қандастардың:

  • 76,9%-ы Өзбекстаннан;
  • 10,7%-ы Қытай Халық Республикасынан;
  • 5,4%-ы Түрікменстаннан;
  • 2,9%-ы Моңғолиядан;
  • 4%-ы  басқа елдерден келген.

Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды


Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31%), Түркістан (15,8%), Маңғыстау (15,9%) және Жамбыл (7,8%) облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында (11,4%) қоныстанды.

Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 57,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар 24,6%-ды және зейнеткерлер 18,2%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 11,1%-ының жоғары, 39,8%-ының арнайы орта, 45%-ының жалпы орта білімі бар және 4,1%-ының білімі жоқ.


Оқи отырыңыз: Оралман, қандас, бауырлас, ағайын немесе отандас. Дұрысы қайсы?


 

Серіктестер жаңалықтары