Тікелей эфир

Жұмыс жоқта екі қолға бір күрек табылады. Бірге іздейік...

Фото kariera.by сайтынан алынды
Фото kariera.by сайтынан алынды
Республика бойынша 440 мыңға жуық адам жұмыссыздар есебінде тұр. Ал, бос жұмыс орны қанша? Оларға мемлекет тарапынан қандай көмек бар? Әңгімеміз осы туралы.

2018 жылының қаңтар айынан бастап Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы "Электрондық еңбек биржасын" іске қосқан.

Ол жерде жұмыс берушілерге бос жұмыс орындарын ұсынудың жаңа көп арналы тәртібі енгізілген. Еңбек нарығының барлық қатысушыларына жұмыспен қамту агенттіктері мен онлайн-алаңдар қолжетімді. Қамту орталықтарына бармай-ақ жұмыс іздеуге болады.

Бұл туралы Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті директорының орынбасары Ерболат Абулхатин әңгімелеп берді.

enbek.kz порталында нақты не бар?

Бұл жерде еңбек нарығында бар бос жұмыс орындарының тізімімен танысуға, сондай-ақ мамандық бойынша жұмысшы кәсіпті (лауазымды) және жұмысты таңдауға мүмкіндік бар. Пайдаланушылар сайтқа мобильді құрылғыларынан, сонымен қатар дербес компьютерден кіре алады.

Бүгінде портал 26 мыңнан астам бос жұмыс орынын ұсынады. Ашылғалы бері портал арқылы 20 мыңға жуық адам жұмысқа орналасқан. Әлі 65 мыңнның үстінде түйіндемесі тіркеуде тұр.


Сайттағы ұсынылған ең жоғарғы жалақы 400 мың теңге

Сайттағы ұсынылған ең жоғарғы жалақы 400 мың теңге / Скриншот enbek.kz сайтынан жасалды


Жалпы республика бойынша құрылыс пен жайластыру, білім және ғылым, қызмет көрсету, хатшылық, әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету, өнеркәсіп және өндіріс, медицина және фармацевтика салаларында мамандар әсіресе тапшы.

Жұмыссыз категориясында қанша адам тіркеуде тұр?

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегі бойынша қазір жұмыссыздардың саны 439, 3 мың адамды құрап отыр.

2017 жылғы төртінші тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,9 % деңгейінде қалыптасты. Салыстырмалы түрде қарастырсақ, 2016 жылы төртінші тоқсанда да осы деңгейде болған.

Мемлекет тарапынан жұмысыздарға қандай көмек бар?

"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға негізделген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын қамтамасыз етеді.

Осы мақсатта көптеген аумақтарда дамыту бағдарламалары іске асырылуда. Соның бірі – республикалық нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы.

Бұл бағдарламаға кім қатыса алады?

Бағдарлама шарттарына сәйкес, оған 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыс іздеп жүргендер, жұмыссыздар, жақында қысқаратыны туралы ескертпе алған жұмыскерлер қатыса алады. Бағдарламаға қатысу үшін талапкер жоғарыда аталған санаттардың біріне жатуы тиіс.

Бағдарламаның өз сайты бар. Міне сол жерден толық ақпарат ала аласыз. Ал тіркелемін десеңіз, оның жолдарын сәл төменірек тарқатып айтамыз.

Бағдарлама үш бағыт бойынша іске асырылып жатыр

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту;

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

Бірінші бағыты екі тетік арқылы жүзеге асады

Бірінші тетік – Білім және ғылым министрлігі арқылы техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлау;

Екінші тетік – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арқылы бір айдан алты айға дейін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.

Бірінші тетік – оқу орындарына түспеген, Ұлттық бірыңғай тестілеуден тиісті балл ала алмаған, кәсіби білімі жоқ жастарға арналған. Оқу ұзақтығы – қатысушылар таңдаған мамандықтың ерекшелігіне байланысты (2 жылдан 2,5 жылға дейін).

Оларға ай сайын 16 759 мың теңге мөлшерінде стипендия төленіп, күніне бір рет ыстық тамақ беріледі. Сондай-ақ, қысқы және жазғы демалыс кезеңдерінде жол жүруге материалдық көмек қарастырылған. 2017 жылғы қыркүйекте 320 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы осындай 1301 жасты оқуға қабылдапты.

Екінші тетік – жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамти алмағандарды, қысқартылған жұмыскерлерді жергілікті атқарушы органдар анықтаған қажеттілікке сәйкес, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдыларға оқытуды көздейді.

Қысқа мерзімді оқудың ұзақтығы кәсіптің ерекшелігіне қарай бір айдан алты айға дейінгі мерзімді құрайды. Оларға да стипендия төленіп (16 759 теңге), басқа жақтан келгендеріне жол жүруге (4 АЕК – 9620 теңге. Биыл бір АЕК мөлшері 2405 теңге) және тұруға материалдық көмек беріледі (5 АЕК-тен 10 АЕК-ке дейін).

Яғни, 12025 теңгеден 24050 теңге шамасында. 402 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында, 103 жұмыс берушілердің орталығында және шет жатқан ауылдардың тұрғындары үшін бес өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары) мобильдік оқу ортылықтары (жылжымалы) арқылы кәсіпке қысқа мерзімде оқытылған.

Оқығандардың жартысынан көбі жұмыс тапқан

Жалпы, 2017 жылы 71,8 мың адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберіліп, оның 68,4 мыңы оқуды бітірген. Олардың 39,4 мыңы немесе 58 %-ы жұмысқа орналасқан.

Екінші бағыт – кәсіпкерлікті қолдау

Екінші бағыт адамдардың кәсіпкерлік бастамашылығын қолдауға және оларды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды көздейді (жауапты – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрліктері).

Бағдарлама шеңберінде жеке ісін ашқысы немесе кеңейткісі келетін адамдарға 5-7 жылдық мерзімге жылына алты пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен 8000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде микрокредиттер/кредиттер кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өткендігі туралы сертификаты барларға ғана беріледі. Сертификаты болмаған жағдайда, олар "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқып алуы керек.

Бұдан бөлек, "Бастау Бизнес" жобаға сай бірінші бағыт шеңберінде кәсіпкерлік негіздері бойынша қысқа мерзімдік оқуды оқиды. Бағдарламаға қатысушыларға 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде тегін мемлекеттік гранттар беріледі.

2017 жылы "Бастау Бизнес" жобасына сай 15 мың адам кәсіпкерлік негіздерін оқыпты. Олардың жартысына микрокредит берілген. Ал оның 3,3 мыңы микрокредитті жеке ісін ашуды қолға алған екен.

Үшінші бағыт бойынша...

Жұмыссыз азаматтарды уақытша және тұрақты жұмыс орындарына орналастыру үшін оларды жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару көзделеді (жауапты – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі).

2017 жылы 316 мың адам тұрақты жұмыс тапқан, 25 мың адам әлеуметтік жұмыспен қамтылған, 85 мың адам қоғамдық жұмысқа тартылып, 27 мың жас маман жастар практикасына жіберілген.

Сондай-ақ, жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге 408 отбасы (1577 адам) қоныс аударған.

Жалпы 2017 жылы Бағдарламаға 596 мыңға жуық адам қатысқан, оның ішінде жұмыссыздардың үлесі – 67,7 пайыз, яғни 403,3 мың адам.

Мемлекет тарапынан көмекті қандай санаттағылар ала алады?

Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін жұмыссыз азаматтар өздерінің тұрақты мекен-жайы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінгендері дұрыс. Сөйтіп олар "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңға сәйкес, жұмыс іздеген адам ретінде, одан кейін жұмыссыз ретінде тіркеледі.

Жұмыссыз ретінде тіркелу үшін:

  1. Жеке басын куәландыратын құжат;
  2. Еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған кезде);
  3. Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болған кезде) қажет.

Осы құжатыңызды алып, қалаңыздағы Халықты жұмыспен қамту орталығына барасыз. Олардың электронды мекен-жайы төменде көрсетілген.

Қысқартылған жұмыскерге қайта даярлықтан өтуге болады

Министрлік орталық және жергілікті атқарушы органдармен, яғни әкімдіктермен бірлесіп, ірі кәсіпорындармен жол карталарын әзірлеп жатыр. Онда қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауға инвестиция салу мен олардың басқа салалар бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу көзделеді.

Қазіргі уақытта төрт пилоттық компания бойынша жол картасы әзір. Олар – "Еуразиялық топ" ЖШС, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС, "Қазцинк" ЖШС.

Өңірлерде 600-ден астам ірі кәсіпорын қамтылған (жалпы санының 77%-ынан астамы). Оларға жол картасын жасасу шарттары бойынша жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмысы кіреді. Республика бойынша шамамен 300 мыңға жуық жұмыскері бар 300 ірі кәсіпорын басшылары жол картасына қол қойды.

2025 жылға дейін бес мыңнан астам жұмыскер қысқартылады

Кейбір кәсіпорындарда өндірістің жаңғыруына, цифрлы экономикаға өтуіне байланысты жұмыскерлердің жұмыстан босатылу қаупі бар. Мысалы, 2025 жылға дейін республика бойынша барлығы бес мыңнан астам жұмыскер тіпті пилоттық кәсіпорындарда қысқартылады деп күтіледі.

Осыған байланысты:

Әлеуметтік шиеленіске жол бермеу мақсатында босату болған жағдайдағы іс-қимыл тәртібі әзірленді;

Босайтын кәсіптердің/лауазымдардың тізбесі мен әр жұмыс орны бойынша кәсіби сипаттамасы айқындалды;

Сыртқы және ішкі ағынымен іс-шаралар жүргізуді ескере отырып, тиісті құрылымдық бөлімшелер бойынша қысқартылатын жұмыскерлердің тегі бойынша тізімі айқындалды;

"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының" қатысушылар құрамына қосылу мәселесін шешу үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет, онда Бағдарламаға қатысу шарттары жөнінде толық мәлімет беріледі.

Бос жұмыс орындар:

Алматы облысында 4067 бос жұмыс орны бар.

Өнеркәсіп бұйымдары дизайнері, жалақысы 70 000 бастап 90 000 теңгеге дейiн. Еңбек өтілі болуы шарт емес.

Талдықорған қаласы, толық жұмыс күні. Байланысу үшін: rabota1107@bk.ru; +77774480087

Автомобиль жүргізушісі. 60 000 бастап 90 000 теңгеге дейiн, Еңбек өтілі болмаса да болады. Текелі қ.,

толық жұмыс күні. Байланысу үшін: hannn91@mail.ru; +77283541263; +77283541263

Қосалқы жұмысшы. 29 000 теңгеден бастап. Еңбек өтілінің болуы шарт емес. Ұйғыр ауданы. Толық жұмыс күні. Байланысу үшін: ortalyk_uyg@mail.ru; +77277223173; +77277223173

Фельдшер. 40 000 теңге. Еңбек өтілі маңызды емес. Еңбекшіқазақ ауданы. Толық жұмыс күні. Байланысу үшін: czn_1@mail.ru; +77277573659.

Алматы облысы бойынша бос жұмыс орындарымен толықтай мына сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.

Алматы қаласында 37742 бос жұмыс орны бар

Маникюр және педикюр жасайтын мастер. Жұмыс берушімен байланысу үшін: 8 (727) 374-60-05, 8-701-600-01-43.

Бухгалтерлік қызметші. Жұмыс берушімен байланысу үшін: 8-707-106-98-11.

Қызмет көрсетуші персонал, хатшылық. Байланысу үшін: 8-707-825-36-33.

Ақпараттық технологиялар инженері. Үміткерге қойылатын талаптар: жоғары білімін растайтын дипломы, сертификат не кәсіптік куәліктің болуы. Жұмыс берушімен байланысу телефондары: 8 (727) 267-40-27,8-707-368-76-20.

Д категориясы бар жүргізуші керек. Жұмыс орны туралы толық мәліметті 8 (727) 392-29-49, 393-27-81, 8-707-210-01-48 телефондары арқылы біле аласыз.

Алматы қаласындағы барлық бос жұмыс орындарды мына сілтемеден көре аласыз.

Астана қаласында 27311 адамға бос жұмыс орны бар

Қосалқы стансаларға қызмет көрсетуші электромонтер. Еңбекақы: 63 500 бастап 79 100 теңгеге дейін. Ауысымды, тұрақты жұмыс, еңбек жағдайы қалыпты. Байланысу үшін: kadry@astrec.kz; +7 (717) 262 03 57

Социолог. Еңбекақы: 150 000 теңгеден бастап. Толық жұмыс күні, тұрақты жұмыс, еңбек жағдайы қалыпты. Байланысу үшін: yibolsin_92@mail.ru; +77788203015; +77788203015

Графикалық жұмыстар дизайнері. Еңбекақы: 150 000 теңгеден бастап. Байланысу үшін: yibolsin_92@mail.ru; +77788203015; +77788203015

Қойма меңгерушісі. Еңбекақы: 130 000 теңгеден бастап. Қазақ, орыс тілдерінде еркін сөйлей алуы керек. Байланысу үшін: hr@astcargo.kz; +7 (717) 253 17 55; +7(777) 772 49 76

Астанадағы бос жұмыс орындарының толық тізімімен мына сілтемеден өту арқылы көре аласыз.

Басқа аймақтарда да бос орын көп

Атырау облысында – 4864.

Ақмола облысында – 4407.

Ақтөбе облысында – 6403.

Батыс Қазақстан облысында – 2684.

Жамбыл облысында – 2808.

Маңыстау облысында – 11682.

Оңтүстік Қазақстан облысында – 4009.

Павлодар облысында – 4576.

Солтүстік Қазақстан облысында – 2074.

Шығыс Қазақстан облысында – 5829.

Қарағанды облысында –14992.

Қостанай облысында – 3484.

Қызылорда облысында – 4894.

Әр аймақтағы бос жұмыс орындары туралы толық мәліметті сол аймақтағы Халықты жұмыспен қамту орталығынан біле аласыз.

Аймақ

Жұмыспен қамту басқармасының веб-ресурсы

АСТАНА

www.uzsp.astana.kz

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

www.social-akmo.gov.kz

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

www.social-aktobe.gov.kz

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

www.almoblsobes.kz

АЛМАТЫ

www.uzsp.almatykala.kz

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

www.atyrau.gov.kz/zhumys

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

www.socialvko.gov.kz

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

www.sobes.zhambyl.kz

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

www.socio.bko.kz

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

www.krgsoc.kz

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

www.e-kyzylorda.gov.kz

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

www.zansoc.kostanay.gov.kz

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

www.mangystau.kz/data.php?n_id=446&l=ru

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

pavlodar-ukzsp.gov.kz

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

www.dkzsp.sko.kz/rus/

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ru.ontustik.gov.kz/view.php?id=198

Бірыңғай бос жұмыс орындар және түйіндемелер қорының сайтына мына сілтеме арқылы өтесіз.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының сайтына осы жерден өте аласыз.

Серіктестер жаңалықтары