Тікелей эфир

"Зейнетақы жинағының 10 пайызын салымшыға беру қажет". Сейпульниктің бұл ұсынысы неге қолдау таппады?

Фото informburo.kz
Фото informburo.kz
БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңестің 2020 жылдың 17 шілдесінде өткен кезекті отырысында Евгений Сейпульниктің ұсынысы талқыланбаған.

"Евгений Сейпульниктің коронавирустық пандемия кезінде салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражатын өз қажеттіліктері үшін пайдалану мүмкіндігі туралы бастамасы – оның жеке пікірі. БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 2020 жылдың 17 шілдесінде өткен кезекті отырысында бұл ұсыныс талқыланбады", – делінген БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңестің ресми хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, бүкіл әлемде Covid-19 пандемия мен карантин жағдайында азаматтарды мемлекет тарапынан бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат есебінен қолдау мақсатында жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Сонымен бірге, төтенше жағдайға байланысты мәселелер азаматтардың жеке жинақтары есебінен шешілмеуі тиіс:

"Жалпы зейнетақы жүйесі бойынша кез-келген ұсыныс мемлекеттік шығындар мен тұтастай экономиканы ескере отырып, есептеу мен бағалауды қажет етеді. Евгений Сейпульниктің ұсынысы егжей-тегжей пысықталмаған және дұрыс есептелмеген. Сондықтан,оның пікірін онлайн талқылау кезінде БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес қолдаған жоқ".
Оқи отырыңыз: Қазақстанда АЕК, ең төменгі күнкөріс деңгейі мен зейнетақы мөлшері өсті

"Қоғамдық кеңесте дауыс беру болған жоқ"

"Өйткені, ешкім мұндай мәселе көтерген жоқ, – деп түсіндірді кеңес мүшесі Петр Своик. – Ұсынысты жарияланған соң, Евгений Сейпульник қоғамдық кеңестің WhatsApp мессенджеріндегі чатында дауыс беруді талап етті. Мен талқылаудың басынан бастап қоғамдық кеңесте тәртіп барын, кеңес төрағасы мен тәжірибелі заңгер бола тұра оларды ұстану керектігін, мұндай телеграфиялық пікір алмасуға болмайтынын айтып, өзім дауыс бермейтінімді жаздым".

Жақтаушылар мен қарсы болғандардың дауысы тең шыққан соң, Сейпульник Петр Своикке хабарласып, оның дауысы шешуші екенін айтып, дауыс беруін өтінген.

Своик ұсыныстың дұрыс дұрыс екенін, бірақ аяқталмаған, жүйесіз болғандықтан, пайдасынан зияны көп екенін айтып, қарсы дауыс берген.

"Иә, расында, салымшыларға жинақтарының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік беру керек. Мәселен, тұрғын үй мен білім алу үшін ғана емес, денсаулық сақтау үшін де, тіпті коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеу немесе ұлттық өндірушілердің өнімдерін, тамақ өнімдерін сатып алу қажеттігі үшін де пайдалансын", – деді Своик.

"Сейпульниктің ұсынысы халыққа көмектесе алмайды"

"Сейпульниктің ұсынысы психологиялық тұрғыдан дұрыс шығар. Алайда, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан қарап көрсек, пайдасынан кесірі көп. Мысалы, ұсынысын сол қалпында орындайтын болсақ, байлар көп ақша алып, ал кедейлер мүлде ештеңе ала алмайды. Халықтың негізгі бөлігіне аз ғана тиын-тебен тиеді".

Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағын кімдер мерзімінен бұрын ала алады? Үкімет пен Ұлттық банк ұсыныстары қандай?

Естеріңізге сала кетейік, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жанындағы қоғамдық кеңес елдегі экономикалық ахуалға байланысты салымшыларға зейнетақы жинағының 10 пайызын алуға рұқсат беруді ұсынған болатын.

Бастама жайлы қоғамдық кеңестің басшысы Евгений Сейпульник:

"Қазіргі жағдай кәрілікке қажетті жинаққа деген көзқарасты өзгертуге және оған азаматтардың қаржылық проблемасын шешуге көмектесудің бір жолы деп қарауға түрткі болып отыр. Басқаша айтқанда, мен зейнетке шықпай тұрып, салымшылардың 10% мөлшеріндегі ақшасын кәдеге жаратуды ұсынамын", – деп жазған еді қоғамдық кеңестің Facebook-тегі парақшасында.

"Әр салымшыға жинақтың 10%-ын төлеу міндет емес, оның құқығы ретінде қарастырылуы тиіс. Алайда бұл тәсіл біреудің өмірін құтқаруы мүмкін", – деген еді ол.

Қоғамдық кеңестің төрағасы бұл бастама көпшіліктің қолдауына ие болса, ұсыныс президентке жолданатынын айтқан еді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары