USD: 463.9 / 466.5
  • EUR: 533.0 / 538.0
  • RUB: 5.35 / 5.47
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +36C
Все города

Мектеп формасына қойылатын талаптар. Ата-аналар биыл нені ескеруі керек

Фото ЖИ көмегімен жасалды
Фото ЖИ көмегімен жасалды
Ата-аналар мектеп сөмкесін таңдағанда да бірқатар маңызды жайтты ескергені жөн.

Жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналар мектеп формасын сатып алуға кіріседі. Мектеп формасы қандай болуы керек? Оны кім бекітеді? Қандай киімге тыйым салынған? Әлеуметтік осал отбасыларға қандай көмек көрсетіледі? Informburo.kz Оқу-ағарту министрлігінің деректері мен бұйрықтарына сүйене отырып, ата-аналар білуі тиіс негізгі ережелерді жинақтады.

№1. Мектеп формасы қандай болуы керек?

Мектеп формасы:

  • классикалық стильде;
  • үш түстен аспайтын бірыңғай гаммада;
  • қалыпты, көзге тым түспейтін түстерде болуы керек.

Үш түстен артық түсті араластыруға болмайды.

Форма оқушының жас ерекшелігіне, климатқа, сабақ өтетін орынға және мектеп ғимаратындағы температураға сай болуы тиіс.

Сонымен қатар мектеп формасына мектепке тән эмблема, шеврон және басқа белгілерді орналастыруға рұқсат етіледі.

№2. Оның неше түрі бар?

Мектеп формасы үшке бөлінеді:

  1. Күнделікті форма – сабаққа күн сайын киетін киім;
  2. Мерекелік форма – салтанатты жиындар мен мерекелік шараларға арналған киім;
  3. Спорт формасы – дене шынықтыру сабақтарына арналған спорттық костюм мен аяқ киім.

№3. Форманы кім таңдайды?

Мектеп формасының фасонын мектеп жалғыз өзі белгілемейді.

Оны бекітуге және өзгертуге:

  • ата-аналар;
  • заңды өкілдер;
  • ата-аналар комитеті;
  • қамқоршылық кеңес;
  • мектептің өзін-өзі басқару мүшелері қатысады.

Мектеп басшысы форманы әр оқу жылының 25 мамырына дейін бекітуге тиіс.

Ата-ана мектеп формасы қалай бекітілгенін білуге құқылы.

№4. Ұлдар қандай форма киеді?

Ұлдарға арналған мектеп формасына: 

  • пиджак
  • жилет
  • шалбар
  • мерекелік және күнделікті жейде
  • кардиган немесе тоқылған күрте
  • поло жейде не тенниска кіреді.

Қыс мезгілінде трикотаж жилет пен водолазка киюге болады.

Шалбар еркін пішінде тігіліп, тобықты жауып тұруы керек.

№5. Қыздар қандай форма киеді?

Қыздарға арналған формаға: 

  • пиджак
  • жилет
  • юбка
  • шалбар
  • классикалық жейде
  • кардиган немесе тоқылған күрте
  • поло жейде не тенниска жатады.

Қысқы уақытта трикотаж жилет, сарафан және водолазка киюге болады.

Қыздардың шалбары да еркін пішінде болып, тобықты жауып тұруы тиіс.

Юбканың фасоны мен ұзындығын мектеп, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті және мектептегі өзін-өзі басқару өкілдері бірге бекітеді. 

№6. Нақты бір дүкеннен алу міндетті ме?

Жоқ.

Ата-аналар мектеп формасын кез келген сауда желісінен сатып ала алады.

Мектеп немесе білім басқармасы ата-ананы нақты бір өндірушіден немесе белгілі бір дүкеннен форма сатып алуға мәжбүрлей алмайды. Ата-ана өндірушіні өзі таңдайды.

Білім басқармасы отандық өндірушілердің өнімін сатып алуды ұсына алады, бірақ жекелеген өндірушіге артықшылық беруге жол берілмейді.

№7. Бағасын кім бекітеді?

Мектеп формасының бағасын мектеп бекітпейді. Сондықтан ата-ана мектеп бекіткен үлгіге сәйкес келетін форманы өзіне қолайлы бағада кез келген дүкеннен ала алады. 

Бастысы: форма мектеп бекіткен үлгіге сәйкес болуы керек.

№8. Матасы қандай болуы керек?

Мектеп формасын таңдағанда матасына назар аудару қажет. Ол:

  • жартылай жүн;
  • мақта;
  • киіске төзімді;
  • антибактериалдық;
  • антимикробтық;
  • антистатикалық қасиеттері бар материалдан болғаны жөн.

№9. Қандай элементтерге рұқсат жоқ?

Мектеп формасына діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Бұл талап білім беру жүйесінің зайырлы сипатына байланысты белгіленген. Сонымен қатар министрлік мектеп ғимараты ішінде бас киіммен жүру мәселесі білім беру ұйымының жарғысында белгіленген қағидаларға сәйкес реттелетінін еске салады.

Қауіпсіздік үшін жарақат келтіруі мүмкін фурнитурасы бар киім мен аксессуарларды киюге тыйым салынады.

№10. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек бар ма?

Иә.

Әлеуметтік осал отбасылардың балаларына мектеп формасы, аяқ киім және оқу құралдарын сатып алуға мемлекет көмектеседі.

2026-2027 оқу жылында, шамамен, 450 мың балаға мектепке керек-жарақ әперу жоспарланған. Оған жергілікті бюджеттен шамамен 23 млрд теңге қарастырылған.

№11. Төтенше жағдай кезінде форма кимеуге бола ма?

Иә.

Мемлекеттік органдар шектеу шараларын енгізген, төтенше жағдай немесе әлеуметтік, табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, форс-мажор туындаған кезде ата-аналар баласын мектепке іскерлік, классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен жібере алады.

Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін әдепкі формаға көшеді.

№12. Сөмкені қалай таңдау керек?

Бос сөмкенің салмағы 1 келіден аспағаны дұрыс. Ал оған оқу құралдары салғаннан кейінге салмағы баланың дене салмағының 10%-ынан аспағаны жөн. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Мысалы, баланың салмағы 30 келі болса, кітаптары мен дәптерлері салынған рюкзак 3 келіден ауыр болмауы керек.

Сөмке жеңіл, баланың бойына сай және арқасына ыңғайлы болуы керек. Ол иыққа артық күш түсірмей, белден тым төмен салбырап тұрмағаны жөн.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау